Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Мәдениет және мұра – Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» жобасы аясында Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз әралуандылықта» шарасы өтті.

Бүгінде Қазақстан – әр этностың мәдениеті ортақ байлықтың бір бөлігі болып табылатын бейбітшілік, достық және келісім мекені ! Соның бірі, өзбек этномәдени орталығы ұлттық бірегейлікті сақтаудың және мәдени мұраны келесі ұрпаққа берудің жарқын үлгісі болып табылады.

Іс-шара барысында ІСБ басшылығының атынан құттықтау, ұлттық тағамдар көрме-көрсетілімі, түрлі әндер мен би нөмірлері құралған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Аталған шараға Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері және «Ғунча» ансамблінің өнерпаздары қатысты.

Top