Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» XXVIII сессиясы өтті.

Бүгін облыс әкімі, ҚХАА төрағасы Марат Мұратұлы Ахметжановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» XXVIII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ақмола ҚХА мүшелері, Ақмола ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Сессияда ҚХА депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Шиповских Геннадий Геннадьевич, Ақмола ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыман, Қазақстан Республикасының ізгі ниет елшісі, “Құрмет” және “Достық” ордендерінің иегері Сергей Цырульников, поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская және “Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” ЗТБ мүшесі, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Дмитрий Майер сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі өзінің тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, алға жылжу үшін берік моральдық негіз қалыптастырды деген пікірде болды. Біздің бірлігіміз – ұрпақтардың күш-жігерінің нәтижесі және болашақтың негізі.

Отырыс соңында бір топ Ассамблея белсенділері “Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталды.

Top