«Этномедиация – мәдениеттер арасындағы көпір»
Ақмола облысының Степногорск қаласында қала әкімінің орынбасары С.Жаңасыл, судья Ж. М. Әбілғазинов, прокурордың көмекшісі А. А. Жанысбекова, қолдың қатысуымен «Этномедиация – мәдениеттер арасындағы көпір» атты дөңгелек үстел өтті. Л. Ж. Құсайыноваға этномәдени бірлестіктің мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ардагерлер қозғалысының белсенділері, медиаторлар қатысты.
Этномедиация-ұлтаралық қайшылықтардан туындаған қақтығыстарды шешу тәсілі, бүгінде бұл уақыттың шұғыл талабы. Қазақстанда 124 этнос тұрады. Біздің «Бірлігіміз әралуандықта» ұстанымымыз және елімізде тілдерді, этникалық топтардың мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған, Степногорск қаласында 10 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін ескере отырып, этносаралық және дінаралық өзара түсіністікті нығайту қажет.
Отанымыздың болашағы үшін-ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлікті сақтауға және нығайтуға міндеттіміз.
Медиатор, Ақмола ҚХА медиация кеңесінің мүшесі Есжанова Фарида Буташевна