Ақмола ҚХА қоғамдық құрылымдар, діни бірлестіктер мен саяси партиялардың өкілдерінің қатысуымен қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін ілгерілету бойынша дөңгелек үстел өтті.

9 сәуірде «Қоғамдық келісім» КММ-де Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Т. Кәрімованың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары С.С. Аяғанованың, Ақмола облысы Дін істері басқармасы басшысының м.а. Б.Н. Қасеновтың, этномәдени бірлестіктер, Ақмола ҚХА қоғамдық құрылымдар, діни бірлестіктер мен саяси партиялардың өкілдерінің қатысуымен қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін ілгерілету бойынша дөңгелек үстел өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, білім беру мекемелері де бар. Бұл бағытта Ақмола ассамблеясының жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері жұмыстар атқарады. Іс-шара барысында «Балалардың болашағы сіздің қолыңызда» бейнеролигі көрсетілді.

Top