«Асырап алушы ата-ананың жолы»

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ «Салауатты сана» жобасы аясында ҚХАА Аналар кеңесінің мүшесі, «Ана үйі» ҚҚ үйлестірушісі, облыстық мәслихат депутаты Құралай Джұмабекованың ұйымдастыруымен «Асырап алушы ата-ананың жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге көп балалы Аналар, Аналар кеңесінің мүшелері, Ақмола облысының ПБ, ББ өкілдері қатысты. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды асырап алушы ата-аналарға оқыту сабақтары өткізілді. Болашақ асырап алушы ата-аналардың айтуынша, оқыту сабақтары оларға өзіне деген сенімділікті арттырады, көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білуге көмектеседі.
Сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған азаматтармен жұмыс істеуге арналған құзіреттілік курстар орталығы бар екенін айтты.