«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА» республикалық форум

Бүгін ҚХАА Аналар кеңесіңнің төрайымы Айнұр Жахина Павлодар қаласында өткен ҚХА Аналар кеңесінің «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА» республикалық форумына қатысты.
Форумға республикалық және өңірлік Аналар кеңестерінің мүшелері, ЭМБ төрағалары, облыс қалалары мен аудандары ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің басшылары және ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы қатысты.

Іс-шара Достық үйінің фойесінде ұйымдастырылған қолөнер шеберлерінің көрмесімен және «Әл-әки» ансамблінің орындауындағы музыкалық әуендерден басталып, дөңгелек үстелге жиналған қатысушылардың баяндамаларымен жалғасты. Ақтөбе облыстық Аналар кеңесінің жұмысы туралы, лудомания – себептері мен салдары туралы және т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылды, сондай-ақ әскери бөлім басшысы А.Әйтенов «Өскелең ұрпаққа-өнегелі тәрбие» жобасын іске асыруда Павлодар облысы Аналар кеңесімен бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Ана үйі» ҚҚ меморандумға қол қою рәсімі және Павлодар ауданы Аналар кеңесі кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.