Абай Құнанбаевтың бюстінің салтанатты ашылуы

Қазақтың ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың бюстінің салтанатты ашылуы 2024 жылдың 21 тамызында Душанбедегі Әбілқасым Фирдавси атындағы мәдениет және демалыс саябағында өтті. Іс-шара Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндеріне орайластырылған.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейту ерекше маңызға ие. Ұлы гуманистке бюст орнату біздің халықтарымызды жақындастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Салтанатты ашылу рәсіміне бюстты орнатуға ат салысқан біздің жерлесіміз, Ақмола ҚХА мүшесі, “Санги-Кабуд” тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Омар Шоназаров қатысты.