Міндеттер қойылды – олар орындалуы тиіс!

Ел Президентінің өз халқына әрбір Жолдауы – біздің жас мемлекетіміздің гүлденуіне, тұрақтылығын нығайтуға тағы бір қадам. Қазіргі іргелі құжаттың жөні экономикалық стратегия бойынша да және әлеуметтік қамтылымы бойынша да  тіптен ерекше.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономикалық өрлеуге әкелетін жаңа шараларды ұсынды. Бұл бағдарламалық құжатта ол шағын және орта бизнестің (ШОБ) мүдделері мен ұмтылыстарына қатысты  көптеген сұрақтарға жауап береді. Атап айтқанда, Президент шағын және орта бизнеске жылжымайтын мүлікке қатысты жалға алу төлемін тоқтата тұруды тапсырды. Ұлттық банк ШОБ үшін айналым қаражатын толықтырудың арнайы бағдарламасын жүзеге асырады. Бұған дейін ол биылғы жылы өз жұмысын аяқтайды деп болжанған болатын, алайда Президент оны ұзартуды және келесі жылы 200 милиард теңге бөлуді тапсырды.

Денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Пандемиядан туындаған дағдарыс бізге көп нәрсені үйретті, мысалы, дәрігер мен мұғалімнің жұмысын бағалауды. Мемлекет басшысы үкіметке жақын арада бюджетті нақтылау кезінде екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Олардың жанқиярлық еңбегі үшін олар осындай қолдауға лайық деп білемін.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіптік өңірлерін дамытуды тапсырды.Өңірлердегі аграрлық секторды дәстүрлі қолдаумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеуге, тамақ, тоқыма өнеркәсібін дамытуға, құрылыс материалдарын өндіруге назар аударды.

Еліміздің әрбір азаматы осы стратегиялық құжатты зерделеп оқып, оны іске асыруға тікелей қатысуы тиіс деп санаймын.

Елена Мащинская

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Той дастархан» ЖШС директоры, облыстық маслихат депутаты