Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: «Ақмола облысының «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2017 жылдың 25 қыркүйегінде құрылды.
Төрағасы: Шоназаров Умар Файзудинович. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: қайырымдылық іс-шарларды өткізу, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды насихаттау, тәжік мәдениетін сақтау, бірлік пен қоғамдық келісім және қазақстандық патриотизмді нығайту бойынша одан әрі мақсатты жұмыс жүргізу.
Ресурстық базасы: бірлестік Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жастар қанаты мен спорттық футбол командасын құруды жоспарлап отыр. Жұмысшы жастарды бұқаралық спортқа тарту және патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Ақмола жастары» жұмысшы жастардың кең ауқымды спорттық қозғалысын құрды, оған төрт спорт түрінен бағыттар енгізілді, ал футбол командасы дипломаттар арасындағы халықаралық турнирлердің екі дүркін чемпионы атанды.
Негізгі жобалары: орталық жұмысының қысқа мерзіміне қарамастан, төрағаның бастамасы бойынша ауылдық округтер командалары арасында облыстық футбол жарыстары өткізілді, 2017 жылғы 25 қарашада Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті күніне орайластырылған қоғамдық бірлестіктің тұсаукесері өтті, оның бастамашысы және ұйымдастырушысы Умардың өзі болды.
Жетістіктері: халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенім деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін Ақмола облысы полиция департаментінің «Қолдаушысы» медалімен марапатталған. Полиция департаментінің авиация генерал майоры Т. Бигелдинов атындағы медалі, «Халық алғысы» медалі. ІІД бастығының грамотасы, ҚР Ішкі істер министрінің алғыс хаты, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаты, ҚХА алғыс хаты, ҚХА төрағасының орынбасары Ж. Түймебаевтың алғыс хаты.
Байланыс ақпараты: 8-777-789-44-68, 8-708-714-28-33, эл.адрес: mahdi_maga13@mail.ru, Көкшетау қ., Е.Н.Әуелбеков к-сі, 139-үй, 220 пәтер