«Ситуативті қазақ тілі» атты кітабының авторымен кездесу

Қарашаның 21 күні “Қоғамдық келісім» ғимаратында «Ситуативті қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасыбековпен кездесу өтті.

Кітап қазақ тілін ауыз-екі сөйлеуді меңгеруге бағытталған. Автордың «Мәміле» жобасын ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев ҚХА-ның XXVII сессиясында қолдап, «Ол ситуативті қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған және біздің барлық азаматтарымыздың тез оқып-үйренуге және күнделікті пайдалана отырып, халқымызды жақындастыруға мүмкіндік береді».

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева өз сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ жанынан түрлі этностардың 43 өкілі қатысатын ситуативті қазақ тілін оқыту курстары ашылғанын атап өтті. Сабақтар аптасына екі рет тәжірибелі оқытушының басшылығымен өтуде.

Кездесу барысында автор өзінің мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі қазақ халқының салт-дәстүрлері, менталитеті мен дүниетанымының негізінде жасалғаны туралы атап өтті. Кездесу үлкен қызығушылық тудыртып, тыңдаушылар автордан қазақ тілін қалай тез меңгеруге болатыны туралы сауалдарын қойды.

Кездесу соңында Қ. Тасибеков «Қоғамдық келісім» КММ өзінің «Ситуативті қазақ тілі» – кітабының үш томын сыйға тартты.