ҚХАА жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы

ҚХАА жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы

2014 жылдан бастап «Қоғамдық келісім» КММ жанында «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы жұмыс істейді, онда балалар тоғыз тілді: қазақ, орыс, поляк, неміс, чуваш, корей, ингуш, армян және татар тілдерін оқиды.  Соңғы екі жылда (2018-2019) 218 адам оқудан өтті.

Сабақтар аптасына бір рет (әр жексенбіде) тәжірибелі кәсіби педагогтардың басшылығымен өтеді. Оқытудан басқа оқушылармен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да этностарының салт-дәстүрлерін құрметтеуге бағытталған тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

Бұл-ашық сабақтар, салтанатты жиындар, басқа ұлт өкілдерімен кездесулер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған іс-шараларды өткізуге қатысу.