Қайырлы кеш, Көкшетау!

А.ж. 13 шілдесінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы кезекті рет достарын жинады. Осы жолы кездесуге себеп болған Көкшетаудың барша тұрғынына ортақ біздің қаламыздың 195-жылдық мейрамы еді.

Концерттік бағдарлама қызықты да мазмұнды болды. Көрермендерді Достық үйінің ұжымдары орындауындағы би және вокал нөмірлері қуантты. Жас бишілер «Этно» ансамблі өз шеберлігін көрсетті, Эми Погосян және Мэри Додоян, Оразбай Айғаным, Татьяна Кулыгина мен Ольга Юрикова дуэті орындаған атамекен туралы әндерге қол соғылып отырды. Сондай-ақ қонақтарды Қазақстанның халық әртісі Бисара Мәкенова асқан шеберлікпен өнер көрсетуі қуантып жіберді. Бағдарламаға Райымбек Тілеубай, Роксана Ибрагимова, Венера Хан, Сабит Шагатовтар да қатысты.

Сондай-ақ сол кеште сәндік қолданба өнерінің шебері Гүлнара Орынбаева бұйымдарының сатылым жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Осындай кездесулер дәстүрге айналғанын атап өткіміз келеді. Әр сенбі сайын сағат 19:00-де Достық үйі алаңы қонақтарды күтеді. Келіңіздер, сіздерге ұмытылмас әсер сыйлаймыз!