«Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы

Биыл алғаш рет этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында «Ел бірлігі» этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясындағы өңіріміздің этномәдени бірлестіктері арасында гранттар бөлінген болатын.
Аталған жоба аясында ҚХАА Ақмола облысының орыс, славян және казак қауымдастығы осы жыл барысында қазақ ұлттық тағамдарын, өзбек этномәдени бірлестігі қазақ халқының салт-дәстүрлерін, «Ақмола облысының поляктары» бірлестігі қазақ киімдері үлгісін насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар атқарып, іс-шаралар өткізген болатын.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Сабырхан Кенжебаев Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Ақмола облысының орыс, славян және казак қауымдастығы, өзбек этномәдени бірлестігінің және «Ақмола облысының поляктары» этномәдени бірлестігінің басшыларына 1 000 000 теңге гранттар сертификатын табыс етті.

«ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН ӨҢІР» жобасы

Бүгін Қогамдық келісім үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным!» мерекелік концерттің, «Елтану» ҚХА жобаларын іске асыру шеңберіндегі «ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН ӨҢІР» жобасы гала- фестивалінің және Ақмола облысының этножурналистика саласындағы «ШАҢЫРАҚ» облыстық шығармашылық байқауының қорытындысына арналған іс-шара өтті.
Мерекелі жиынды «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының м.а. Айгүл Нұрмағанова құттықтау сөзімен ашты.
Жыл бойы аудандардың еңбек ұжымдарында өткен «ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН ӨҢІР» фестивалі этностардың мәдени алуан түрлілігін көрсету арқылы, еңбек өкілдері арасында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының байлығын, қазақтың ұлттық ойындары мен әндерін, қазақ ұлттық аспаптарында ойнауды қазақ ұлттық тағамдарын дайындауды арналған болатын.
Фестиваль қорытындысы бойынша 1 орын мен 150 мың теңге сертификатын Бурабай ауданы, 2 орын және 120 мың теңгеге Степногорск қаласы, 3 орынды 100 мың теңге сертификатын қоса Жарқайың ауданының еңбек ұжымдары иеленді.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауды насихаттауға арналған өтетін этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байкауына келген материалдарды сараптай келе «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Вероника Бурда 1орынға және 50 мың теңғелік сертификатқа ие болды. 2 орын және 30 мың теңге «Арқа ажары» газетінің тілшісі Ырысалды Ахметкалиеваға, 3 орын және 20 мың теңге Александра Мякотаға бұйырды.
Мерекелі салтанат әсем ән мен мың бұралған бишілердің өнерімен көмкерілді.

«Өлеңмен өрнектелген өнегелі өмір» атты поэтикалық кеш өтті

2024 жылдың 11 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қазақтың ұлы әншісі, композиторы, ақыны Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған «Өлеңмен өрнектелген өнегелі өмір» атты поэтикалық кеш өтті.
​Кештің мақсаты – жастарды қазақ халқының ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру, патриоттық сезімді ояту және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
​Іс-шараға Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университет пен Құрылыс-техникалық колледждің студенттері қатысты.
​Кештің ерекше сәнін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің өнерпаздары келтірді. Студенттер Біржан салдың мәңгі өлмес әндерін орындап, ұлттық өнердің шынайы көрінісін көрсетті. Мәселен, Төлеубай Райымбек «Теміртас» әнін нақышына келтіріп орындаса, Мұрат Әліби «Жамбас сипар» мен «Он саусақ» әндерін орындап, тыңдармандардың жүрегін тербеді.
​Біржан салдың өнері – қазақ руханиятының алтын қазығы. Оны насихаттау – болашақ ұрпақтың қасиетті борышы.

«Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз»

Ақмола ассамблеясының «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» ҚБ «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» және «Қазақстанның біртұтас халқы» қағидаттарын ілгерілету шеңберінде , жастарды эстетикалық талғамын ұштау,өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ да байқау ұымдастырды.

Байқауда поляк тілін менгерген мектеп оқушылары өздерінің Жаңа жылдық үлгіде(тематикада) жасалған қолөнер бұйымдарымен қатысты. Іс-шара соңында көрмедегі ең үздік бұйымдар іріктеліп, ең мықты шеберлер, ерекше жасалған қолөнер иелері сыйлықтармен және әр оқушы байқауға қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

«Адал азамат» жобасы

9 желтоқсан күні Бурабай ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы №9 мектептің оқушыларымен «Адал азамат» жобасы аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өтелбай Төлеуұлы адалдық, әділдік және жауапкершілік секілді адами құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісіп, жастарды отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеу мәселелерін қозғады. Ол өзінің өмір жолынан мысалдар келтіре отырып, адал азамат болудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға ақыл-кеңестер беріп, оларды білімге, еңбексүйгіштікке және қоғам игілігі үшін еңбек етуге шақырды.
Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог құрды. Бұл шара жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, олардың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосатыны сөзсіз.
Top