Халықты әлеуметтік қорғау, халыққа арналған өзекті әлеуметтік бағдарламалар

«Оқыту және дамыту» жобасы аясында в Достық Үйінде Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы, сондай-ақ «Халықты әлеуметтік қорғау, халыққа арналған өзекті әлеуметтік бағдарламалар» тақырыбы бойынша Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында «БЖЗҚ» АҚ, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдері өз қызмет салаларындағы барлық өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтып, дөңгелек үстелге қатысушы көпбалалы аналар, кеңес мүшелері сұрақтарына жауап берді.

«Достар» мәдениет үйінде «BEAUTY KOKSHETAU 2024» сән байқауы өтті

«Достар» мәдениет үйінде Аналар күні және Отбасы күніне орай Көкшетау қаласының Аналар кеңесінің төрайымы Найля Сейдалина ұйымдастыруымен «BEAUTY KOKSHETAU 2024» сән байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар өздерін таныстыруда ерекше көңіл бөлген, олар тек қазылар алқасының мүшелерін ғана емес, сонымен бірге көрермендерді де өздерінің шығармашылықтарымен, әндерімен, билерімен таңғалдырды. Үйлесімділік, сыртқы келбет және ішкі тыныштық мерекесіне қатысушылар үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарын көрсетті.
Байқаудың финалы бұл – байқаудың ең қызықты сәті болды, қатысушылар кешкі сән көйлектерін ұсынып, өздерінің сымбаттылығын, әсемділігін көрсетті. Көрермендер әр қатысушыны үлкен қошеметпен қарсы алып, қолдап отырды. Қазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиынға соқты, себебі әр қатысушы өзінше ерекше болды. Дегенмен, жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарға ие болды және барлық қатысушылар номинациялармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің атынан екі жас қатысушыға сыйлықтар табысталды.

Баршаңызды Отбасы күні мерекесімен құттықтаймыз!

Бүгін біз Отбасы күнін – отбасылық байланыстардың маңыздылығы мен құндылығын арттыратын күнді атап өтеміз.
Отбасы – бұл әр ел мен әр қоғамдастықтың мызғымас негізі. Отбасы-бұл шынайы бақыт туатын жер, онда біз қиын кезеңдерде қолдау табамыз және қуаныш сәттерінде бірге қуанамыз. Бұл жерде біз күшті, шыдамды, қамқор және мейірімді болуды үйренеміз.
Баршаңызды Отбасы күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздің үйіңіз жылулыққа, сүйіспеншілікке және жайлылыққа толы болсын. Отбасыңызбен бірге өткізген әрбір сәт бақыт пен қуанышқа толы болсын!

Ақпараттық-түсіндіру тобы Макинск құс фабрикасында

Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г.Сабирова және «Қоғамдық келісім» талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы Е.Закирьяновтың құрамында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Бұланды ауданына барып, сонда «Макинск құс фабрикасы» ЖШС ұжымымен кездесу өтті.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді.
Кездесуінің соңында қойылған сұрақтарға жауп берілді.

Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні

Бүгін Ақмола ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберелері одағының төрайымы, Аналар кеңесінің мүшесі, Әжелер клубының мүшесі Гульбара Намазбековна Нұрқанова «Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» жобасы аясында Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің студенттеріне «Ұршық иіру» бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін қайта жаңғырту, ата-бабадан келе жатқан ұлттық дәстүрді сақтай білу мақсатында, қазақ халқының қолөнер бұйымдарын, соның ішінде ұршықты қалай пайдалану және ұршықпен иірілген жіптерден қандай бұйымдар жасауға болатыны туралы жастарға ақпарат берді.
Top