ҚХАА ХХVІІ сессиясы өтті
«Ел дамуының негізі- тұрақтылық пен бірлікте» тақырыбында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.
Бүгін Достық үйінде «Ел дамуының негізі – тұрақтылық пен бірлікте» тақырыбында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.
ҚХАА мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысқан сессия жұмысына облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы Марат Мұратұлы Ахметжанов төрағалық етті.
Өз сөзінде Марат Мұратұлы ҚХА ХХХІІІ сессиясында қойылған міндеттерді өңірімізде орындау барысын айқындады. Елімізде су тасқыны тудырған қиын жағдайда халқымыз бірлік пен төзімділіктің берік үлгісін көрсетіп, күш біріктірді. Өңірімізді қамтыған табиғи апат күндері зардап шеккендерге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен еріктілері айтарлықтай көмек көрсетті. Көмек қолын созған облыстың барлық қамқор азаматтарына алғысын білдірді.
Облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев Ассамблеяның жұмысы мен этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы баяндады. 2024 жылдың басынан бастап Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық құрылымдарымен бірлесіп 10 000 адамды қамти отырып, 236 іс-шара өткізді.
Айта кету керек, облыста 47 этномәдени бірлестік тіркеліп, оның 19 қоғамдық аккредиттеуінен өткен. Көкшетау қаласының Достық үйінде 17 облыстық этномәдени бірлестіктің кабинеттері орналасқан.
Шара барысында су тасқыны кезінде 58 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсеткен «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Омар Шоназаров, сонымен қатар жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков, ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптама тобының жетекшісі Марат Өтегенов, облыстық Ассамблея мүшелері Зента Цой, Анастасия Ерубаева сөз сөйледі. Сөз алғандар мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, облыстық ҚХА жастар қанатының жобаларын іске асыру және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.
«ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН ӨҢІР» бірегей жобасы бастау алды
Ақмола ассамблеясы бастамасымен облысымыздың еңбек ұжымдарында «ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН ӨҢІР» бірегей жобасы бастау алды.
Жобаның негізгі идеясы – этностардың мәдени алуан түрлілігін көрсету арқылы, еңбек өкілдері арасында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының байлығын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауды насихаттау.
Степногорск қаласының 60 жылдығын мерекелеу жылында «Степногор подшипник зауыты» АҚ осы шараны өткізетін орын болып белгіленді.
Фестиваль аясында арқан тарту, асық ату, қой көтеру сияқты ұлттық ойындары, ұлттық шығармашылық, қолданбалы өнер көрмесімен танысу, қазақ салт-дәстүрлерінің театрландырған қойылымы, ұлттық тағамдар дайындау мастер-классы өтті. «Менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарламада әр этнос өкілдері қазақ әндерін тамылжыта орындады.
Көп ұлттың басын қосқан, бірлігі жарасқан тәуелсіз елдің тұғыры әрқашан биік болады. Шара барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдағы келісімге сүбелі үлесін қосып жүрген қала азаматтарды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова Алғыс хаттармен марапаттады.
«Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» конференциясы
Бүгін «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ өкілдерінің, біздің өңіріміздің медиаторларының, ҚХАА Медиация кеңесі мүшелерінің, «Қоғамдық келісім» КММ мамандарының және ішкі саясат бөлімдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» тақырыбында конференция өтті.
Қауымдастық төрағасы Сабыржан Қалмұханбетов медиацияны дамытудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру жөнінде сөз сөйледі. Медиация кеңесінің мүшесі, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г. Нурманова сот жүйесіндегі медиацияның рөлі мен дамуы туралы айтып берді. Медиация кеңесінің мүшесі, Щучинск қаласындағы №9 мектеп гимназиясының директоры Б. Көшекова мектеп медиациясына көбірек көңіл бөлу, бұл мәселеде ата-аналарды тарту қажеттілігі туралы мәселені көтерді. «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы Е.Закирьянов аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамдық бірлестіктердің, атап айтқанда «Аналар кеңесі» мен «Әкелер одағының» өзара іс-қимылын жандандыруды ұсынды. Медиация кеңесінің мүшесі Ф. Есжанова өңірдегі қоғамдық медиаторлар қызметіндегі проблемалар туралы айтты. Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Ж.Нұржанова және медиация кеңесі төрайымының орынбасары С.Ильясова некені бұзу туралы мәселелерді қарау кезінде медиаторлардың белсенді қатысуын атап өтіп, олардың отбасын сақтаудағы рөлін атап өтті. Медиация кеңесінің төрайым Г. Мәдиева конференцияны қорытындылады, медиация саласындағы статистиканы айтты, медиаторлардың мәртебесі мен рөлін заңнамалық деңгейде арттыру және оларды жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау қажеттігі туралы тілегін білдірді.
Конференцияның басқа қатысушылары Ақмола облысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту шараларын, медиацияны дамытудағы проблемалық мәселелерді белсенді талқылап, осы саладағы өз жолдары мен шешімдерін ұсынды.
XXXIII сессияда қозғалған тақырыптарды талқылау бойынша аудандық Аналар кеңесінің төрайымдарымен ЗУМ конференция өтті
Достық үйінде ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында қозғалған тақырыптарды талқылау бойынша аудандық Аналар кеңесінің төрайымдарымен ЗУМ конференция өткізді.
Конференция барысында Мемлкет басшысының сессияда айтқан басым бағыттарына тоқталды:
1. Тасқын сумен күрес және өз үлестерін қосқан азаматтар;
2. Апат орын алған өңірлердің шығындары;
3. Ассамблеяның жұмысы туралы.
Президент Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде нығайтуды ұсынды, «Ең алдымен Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесі сияқты тиімді құрылымдарды дамыта түскен абзал. Министрліктер және әкімдіктер олардың қызметіне қолдау көрсетуі қажет. Арнайы гранттар бөліп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар беруі керек», – деп тапсырды Президент.
Конференцияға қатысқандар Аналар кеңесінің жұмысы туралы өз пікірлерін ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарих, мәдениет, тіл, әдебиет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарих, мәдениет, тіл, әдебиет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Біздің Қазақстан – түрлі этникалық топтар мен ұлыстар бейбіт қатар өмір сүретін елде тұратынын әрбір азамат саналы түрде түсінетін бірегей мемлекет.
17 мамырда «Ел бірлігі» жобасы аясында Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарих, мәдениет, тіл, әдебиет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» РҚБ басқарма төрағасы Тауфик Кәрімов, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, ғалымдар, Ресей, Ақмола және көрші облыстардың оқу орындарының оқытушылары, этномәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдері қатысты.
Достық Үйінің фойесінде Қазақстанның, Ақмола облысының және Көкшетау қаласының татар жазушылары мен журналистерінің кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы «Тарих және мәдениет», «Тіл және әдебиет» атты екі секция бойынша жалғасты , онда қатысушылар мен онлайн режимде қатысқан Қазақстан мен Ресейдің 12 қаласынан 23 университет, ғылыми орталықтар мен ұйымдарының ғалымдары татар этносының тарихы мен бүгінгісі туралы өз баяндамаларын ұсынды және ғылыми зерттеулер саласында теориялық және практикалық тәжірибелерімен алмасты.