Университет оқытушыларымен кездесу
Бүгін Ақмола облысы ІІБ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы Ш. Уәлиханов атындағы, А. Мырзахметов атындағы университеттердің және Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушыларымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінің және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат бағытының негізгі аспектілері жеткізілді.
Этносаралық шиеленіске қатысты профилактикалық әңгіме, сондай-ақ аталған оқу орындарына талапкерлердің түсуі туралы мәселені қарау кезінде барлық этникалық топтардың өкілдеріне толеранттык және түсінушілікпен қарау жайлы айтылды.
Бөлімнің бас сарапшысы Е. Закирьянов әлеуметтік желілерде сепаратизмге, ксенофобияға шақыру сияқты деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы баяндап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180 және 174-баптары бойынша жауапкершілікті түсіндірді.
Ассамблея мүшелерімен кездесу
Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл бірегей қоғамдық өзін-өзі басқару органы әртүрлі этностардың, діни және әлеуметтік топтардың сындарлы диалогы мен өзара іс-қимылына арналған платформа болып табылады.
Бүгін Достық үйінде облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин Ақмола ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен этносаралық ахуал бойынша кеңес өткізді. Өз сөзінде ол Ассамблеяның негізгі мақсаты – қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қолдау екенін атап өтті.
Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 мүшесіне куәліктер мен төсбелгілер табысталды. Облыс Ассамблеясының мүшелері Қазақстан халқының алуан түрлілігі мен байлығын көрсететін түрлі этникалық топтардың өкілдерінен құралған
«Руна жазулары»
Бүгін Достық үйі алаңында «Руна жазулары» атты түркі жазбалары күндеріне арналған фестиваль өтті.
Түбі бір түрік халықтарының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, өркениеті мен мәдениетіне арналған шараға Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысып, көрме ұйымдастырды. Фестиваль барысында әр этнос өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин фестивальге қатысушыларды құттықтап, жиналған қауымға тамыры терең, тарихы ортақ халықтың бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп жатқанын атап, іс-шараға белсенді қатысқан этномәдени орталықтарды облыс әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Бүгінгі іс-шара халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге, қоғамдағы бірлікті, өзара түсіністікті, келісім мен ынтымақтастықты нығайтуға негізделген Отанға деген сүйіспеншілік мұраттарын ілгерілетуге қызмет ететіні сөзсіз.
«Бірлігіміз әралуандылықта»
Достық үйіне саяхат
2024 жылдың 6 маусымында «Бірлігіміз әралуандылықта» жобасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласы №14 мектептің оқушыларына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия жетекшісі ҚХАА мүшесі Антипова Вероника Андреевна Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының, облыстық Достық үйінің қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметі туралы айтып берді.
Экскурсия барысында оқушылар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барып, Ақмола облысында тұратын этностардың тұрмыстық заттарымен, ұлттық киім элементтерімен, олардың мәдениетін көрсететін экспонаттармен танысты.
Орыс этномәдени орталығының кабинетінде оқушылар орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай ақынның өмір жолы, бейтаныс шығармаларымен танысты және өздеріне таныс өлеңдерін оқыды.
«Туған жерім-Қазақстан!»
4 маусымда “Коғамдық келісім” КММ ғимаратында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Ақмола облысының Орыс қауымы, Ақмола облысының Өзбек ұлттық мәдени орталығы және Чуваш этно-мәдени орталығы Көкшетау қаласының техникалық лицейінің оқушылары үшін «Туған жерім-Қазақстан!» атты интерактив өткізді.
Дөңгелек үстелде Ақмола ҚХА төрағасының орынбасары Т. У. Медетова сөз сөйледі, ол өз үндеуінде елімізде достық пен келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Достық үйіне саяхат балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Олар белсенді сұрақтар қойды, ұлттық костюмдерді киіп көрді, картиналарды қарап, суретке түсті. Оқушылар викторинаға қатысты. Ұйымдастырушылардың естелік сыйлықтары іс-шараның жағымды аяқталуына айналды.