«ТҰЛҒАТАНУ» жобасы
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «ТҰЛҒАТАНУ» жобасын іске асыру шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті.
Жастарды қазақ мәдениетіне, ғылымына, өнер мен әдебиет қайраткерлері бойынша танымдық іс-шараларға белсенді тартуға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Қазақстан этностарын жақындастыруына және қазақ халқының мәдени мұрасын танымал етуге бағытталған «Тұлғатану» жобасын жүзеге асыруға «Қазақстанның орыс,славян және казак қауымдастықтары» Ақмола облыстық филиалы және «Қоғамдық келісім» мекемесі ат салысты.
Шараға ЭМБ, Көкшетау қалалық Аналар кеңесінің, «Ассамблея жастарының» төрағалары мен мүшелері және ҚХА басқа да қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты. Шара Көкшетау қаласының қалалық кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Ұстаз салған сара жол» көрмесімен басталды.
Жиын барысында филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің доценті Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылы туралы мәлімет берді. Кеште ұлы ағартушының шығармалары орындалды. Кеш керемет музыкалық нөмірлермен аяқталды.
Ерейментау ауданына іс-сапар
Этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобы Ерейментау ауданына іс-сапармен барып, Орталық аудандық аураханасының ұжымымен кездесу өткен.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. А.Нұрмағанова қатысушыларды Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен, ҚХАА басқа қоғамдық құрылымдарымен қызметі туралы хабардар еті. Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г.Сабирова этносаралық қатынастар саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігін түсіндірді. Этносаралық негіздегі жанжалдарды, атап айтқанда сепаратизмды алдын алу туралы әнгіме жүргізді, заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді. ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі А.Свинарчук жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуда этносаралық қатынастарды зерттеу нәтижелерін, ғылыми әдістемелік ұсыныстарды пайдалану туралы айтып берді.
Кездесу соңында қатысушыларға өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында этикалық нормаларын сақтау туралы ұсынылды және қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
«Жастар-елдің тірегі, үкілі үміті» атты дөңгелек үстел өтті
Бүгін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де қала мектептерінің жас ұстаздары мен ел қазынасы ақсақалдардың басын қосқан «Жастар-елдің тірегі, үкілі үміті» атты дөңгелек үстел өткізді.
Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы және еліміздің болашағы екені даусыз.
Кездесу барысында сөз алған ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Қазақ тілі және мәдениеті» ҚБ төрағасы Қойшин Марат Молдашұлы, Ақмола облысы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы, облыстық маслихат депутаты Ыбырай Дуанбай Кәзібайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сейтмағамбет Қайырбай Мажитұлы еліміздің өркендеуі жастарға байланысты екенін баса айтып, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға шақырып, ұлттық тәрбиенің құндылықтарын дәріптеді.
ҚХАА жанындағы аналар кеңесінің кураторы Райхан Екпіндіқызы кеңес жұмысы жайлы ақпарат берсе, Көкшетау қаласы құрылыстық-технологиялық колледжінің оқытушысы Алена Малькова-Солопова мемлекеттік тілді дамыту, оны этнос аралық қарым-қатынас тілі ретінде қалай қолданып жүргенін айта келе, жастарды еліміздің патриоты болуға шақырды.
Дөңгелек үстелге қатысқан жас ұстаздар біздің қоғамдағы жастардың рөлі мен орны жайлы өз ойлырын ортаға салып, кездесу соңы ашық пікір алмасуға ұласты.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұғыман Ермек Бекенұлының құрмет көрсетуі өтті
Достық үйінде Ақмола облысы Ардагерлер кеңесінің өткен пленумында осы бірлестіктің төрағасы болып сайланған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұғыман Ермек Бекенұлының құрмет көрсетуі өтті.
Облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин Ермек Бекенұлына өңірдегі қоғамдық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, ардагерлер ұйымын басқаруда табыс тілеп, Алғыс хатпен марапаттады.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін Айгүл Бейсембайқызы Нұрмағанова атқарады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Бүгін Ақмола ассамблеясының «Ассамблея жастары», поляк, неміс, армян және әзірбайжан этномәдени бірлестігінің, сондай-ақ «Мәміле» сөйлеу клубының мүшелері біздің сүйікті Қопа көлінің жағалауын тазартты.