«Аққан жұлдыз»

«ТҰЛҒАТАНУ» жобасы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жанында Қазақстан этностарының өкілдері арасында «Аққан жұлдыз» тарихи интерактивті кеші өтті. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы этностардың басын қосып, қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен насихаттау.
Іс-шараны ұйымдастырушылар «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ, «Қоғамдық Келісім» КММ және тарихи-өлкетану мұражайы болды. Аталған іс-шараға №14 орта мектептің жанындағы лагерь оқушылары қатысты.
Тарихи-өлкетану мұражайынан басталған шара, Абылай хан мен Тәуелсіздік алаңында жалғасып, балалар қаланың көрікті жерлерімен және тарихымен танысты. Одан кейін Ш.Уәлихановтың ескерткіші жанында мұражай гиді ҚХАА мүшесі Антипова Вероника балаларға жерлесіміз, ғалым, ағартушы туралы айтып берді. ҚХАА төрағасының орынбасары, «Ақмола облысы өзбек этномәдени орталығы» бірлестігінің төрайымы Тожибуви Медетова жобаның өскелең ұрпақ арасындағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ іс-шараға «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары Ирина Панасюра да қатысты.
Шара соңында балаларға тәттілер мен сусындар ұсынылып, төсбелгілер мен буклеттер табыс етілді.

Өзбек жастары атынан Құрбан Айт мерекесіне қайырымдылық акциясы

Ақмола ҚХА-ның «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» жастар қанаты Красный Яр ауылында Құрбан Айт мерекесі аясында және «ШАНС» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы» мекемесінде қайырымдылық акциясын өткізді.
Красный Яр ауылында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт шаңырақ» үйіне барып, қарттарға арналған мерекелік түскі ас әзірлеп, «Шанс» орталығында азық-түлік пен тәттілер таратылды.
Қаиырымды істің бастамашыларының бірі өзбек этномәдени орталығының Жастар қанатының мүшесі Усман Маруфжан болды.

Бірлік ықшам ауданында жаңа мешіт ашылды

Бүгін қаламыздың Бірлік ықшам ауданында жаңа мешіт ашылды.

Ғимарат жанынан тұрғындарға арнап салынған спорт алаңында салтанатқа орай қазақ күресі, асық ату, көлік сүйреу сияқты жарыстар ұйымдастырылды.

«Ел бірлігі» жобасы аясында Көкшетау қаласы мәслихат депутаттары демеушілік жасаған жарыстарға ҚХАА мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» этномәдени орталығының жетекшісі Қойшин М.М. төрешілік жасады, жарыстардың қызықты өтуіне ат салысты.

Қазақстан мен ТМД елдерінің энергетика ардагерлерінің ХІІІ республикалық құрылтайы өтті

Бүгін Бурабайда Қазақстан мен ТМД елдерінің энергетика ардагерлерінің ХІІІ республикалық құрылтайы өтті, оған біздің өңірден облыс ардагерлері кеңесінің төрағасы, Ақмола ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ермек Бекенұлы Нұғыман қатысты.
Шараға қатысушыларға ҚЭА ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрпейісов Советхан Сейтқалиұлы және ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сарпеков Азат Толкынұлы құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан делегацияларының басшылары сөз сөйлеп, Қазақстан мен ТМД-ның энергетика саласын бүгінгі жағдайын және дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.
Форумды ұйымдастыру және өткізу бойынша үлкен жұмысты «Көкшетау Энерго» ЖШС және оның басшысы Досымхан Әлішұлы Аралбаев атқарды.

«Аршалы Су» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен кездесу

Бүгін Аршалы кентінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының «Аршалы Су» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г.Сабирова қатысушыларға этносаралық қатынастар, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде сепаратизмге, ксенофобияға және т.б. шақырулар сияқты деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы айтып, бас бостандығынан айыруға дейін кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мысалдар келтіріп, осы прецеденттерден кездсе қатысушыларды сақ болуға шақырды.
Кездесуінің соңында қойылған сұрақтарға жауп берілді.
Top