«СИҚЫРЛЫ ОРАМЖІП» байқауы өтті

«Қоғамдық келісім» КММ-де Ақмола ассамблеясы жанынын құрылған сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының қолөнершілері арасында «СИҚЫРЛЫ ОРАМЖІП» байқауы өтті.
Аталмыш байқауға барлығы 7 шебер қатысты, олар үйге берілген тапсырма бойынша дайындаған жұмыстарын әділ қазыларға ұсынды.
Қорытынды шешім бойынша 1 орынды Сулейменова Алтын жеңіп алды, 2 орынды Нурканова Гульбара, 3 орынды Кочетыгова Олеся иеленді. Қалған қатысушылар жеке номинациялар бойынша бағаланып, алғыс хаттармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Құм, саз балшық терапиясы секілді тоқыма тоқудың да денсаулыққа көл-көсір пайдасы бар көрінеді. Ғалымдардың дәлелдеуінше, күнделікті күйбең тірліктен бойыңды әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билеген сәтте осы істі қолға алсаң және гипетоникалық аурулардың алдын алу мақсатында дәрігерлердің өзі тоқыма тоқудың анда- санда ерекше серпіліс беретінін айтады. Тіпті, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырларын жақсарту үшін анда- санда тоқыма тоқуға кеңес береді.
Олай болса, пайдалы іспен айналыса отырып, денсаулығымызды жақсартайық!

Журналистер клубының отырысы

А.ж. 27 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті Клуб отырысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы м.а. Айгүл Нұрмағанова ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында этносаралық тақырыпты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша журналистердің алдына қойылған міндеті туралы айтып, БАҚ-тың Ассамблея үшін маңыздылығын атап өтті.
Клуб төрайымы, аудандық «Зерен» газетінің редакторы Светлана Ким қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру туралы айтты. Ол бүгінгі таңда баспа БАҚ-тардың бәсекелес ортада екенін, оқырмандар үшін интернет басылымдарымен, атап айтқанда, оқырманға ақпаратты тез, бірақ көбінесе тексерілмеген, сенімсіз ақпаратты жеткізетін блогерлермен күресетінін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында журналистер аталған сұрақтар бойынша пікір алмасты.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Клубтың белсенді мүшелері Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарқайын ауданына іс-сапар…

26 маусымда ақпараттық-түсіндіру тобының Жарқайын ауданында іс-сапары барысында, Ақмола облысы Державинск қаласының – 12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г.Сабирова қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жеткізді. Этносаралық қатынастарға қатысты профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесуінің соңында қойылған сұрақтарға жауп берілді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры»

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚХА-ның XXXIII сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсету бойынша маңызды рөл атқарғанын атап өткен болатын.
Қазіргі уақытта Ақмола обысында су тасқыны салдарын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық құрылымдар мен меценаттар тарапынан белсенді көмек көрсетілуде.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» ҚҚ су тасқынан зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуді қолға алып, бүгін Қазақстан Республикасы бойынша бірінші отбасыға тұрғын үй кілтін табыстау рәсімі өтті.
Шарада «Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» ҚҚ басшысы Мирзоев Рафик Ягуб оглы және ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының инспекторы Күлжан Мұхтар Төлегенұлы Жарқайың ауданының тұрғындары Қабиденовтар отбасына тұрғын үй кілтін табыстады.
Ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Дархан және Ксения Қабиденовтар интернационалды отбасы, екі бала тәрбиелеп отыр (3 және 1 жас). Отбасында балаларға қазақ халқының да, орыс халқының да салт-дәстүрлері сіңіріледі.

«Үйде сөйле»

Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і Көкшетау қаласы тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 25 маусым күні Сарыарқа шағын ауданы 38 тұрғын үй кешені ауласында «Үйде сөйле» жоба аясында викторина ұйымдастырды.
Жоба аясында тұрғындар және балалар арасында қазақ ұлтық музыкалық аспаптар, киіз үйдың жабдықтары, қазақша сұрақ- жауап викторинасы ұйымдастырылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Әнші-бишілер өнерлерін ортаға салып, танымды іс-шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
Top