Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі…
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ «Сақтаушылар-мұрагерлер-жасаушылар» жобасы аясында ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлелерінің қатысуымен «Ализе жіптерімен бұйым тоқу» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатының жетекшісі Гирник Татьяна тоқу түрлерінің әртүрлі өрнектерін көрсетті.
Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта өзіне не жақынына сый тарта алады.
Домбыра күні
Домбыра күніне арналған Қазақстан бойынша бір уақытта домбырада ойнау акциясы ұйымдастырылды.
Осыған орай «Оқжетпес» стадионында «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Асыл мұра» домбыра үйірмесінің жетекшісі Роман Борисовский өз шәкірттерімен бірге осы акцияға қатысты. Жалпы алғанда, осы акцияға Ақмола облысынан 2000-ға жуық домбырашы қатысты.
Тәуелсіздік бәрінен де қымбат!
Бүгін Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған басымдықтарды қоғам арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан халқының бірлігі Достық» атты республикалық байқауының салтанатты марапаттауы өтті.
Жобаның мақсаты – тәуелсіздік жылдары халқымыздың татулығына елеулі үлес қосып, еліміздің дамуына еселі еңбек етіп жүрген адамдарды қоғамға кеңінен насихаттау және жастарға үлгі ету.
Байқауға ұсынылған үміткерлердің ішінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Айгүл Нұрмағанова, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина, ҚХАА жанындағы Көкшетау қаласы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Найля Сейдалина және ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының төрайымы Гүлбара Нұрқанова жеңімпаз атанып, «Қазақстан халқының бірлігі Достық» төсбелгісі және Бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!
«Қазақстан халқының бірлігі Достық»

«Ассамблея. Парламент. Депутаттар»
«Ассамблея. Парламент. Депутаттар» жобасы аясында Достық үйінде ҚР Парламентінің депутаттары Н.Г. Дементьева мен А.Е. Мусралимованың Ақмола Ассамблеясының өкілдері және мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті.
Кездесу басында Айна Ермекқызы мен Наталья Григорьевна Парламент қабырғасында жүргізіліп жатқан заң шығару жұмыстары туралы айта отырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, отырыста қоғамдағы ойынқұмарлық, есірткіге тәуелділік, діни экстремизм сияқты көкейтесті мәселелер туралы және осындай зиянды кеселдерден арылу жолдары талқыланды.
Сындарлы және іскерлік пікір алмасу барысында жиналғандар қоғамдағы бірлікті, өзара түсіністікті, келісім мен ынтымақтастықты нығайту – мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болатыны даусыз екенін айтты.