Тілдердің үштұғырлығы және көптілді білім беру ісіне профессор Н.Л. Еремияның сіңірген еңбегі туралы

«Қоғамдық келісім» сарайында «Ақмола облысында үштұғырлы тіл саясатын дамыту» атты тақырыптағы профессор Наталья Леонидовна Еремияны еске алуға арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері. Семинарға лингвист – ғалымдар, магистранттар, Ш. Уәлиханов КМУ және А. Мырзахметов КУ студенттері шақыртылды.

Кездесу модераторы, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрағасы – Қапышев Ардақ Қайыржанұлы өзі оқыған «Көптілділік – этносаралық келісімді нығайту факторы ретінде» атты тақырыбындағы баяндамасында: «Тіл саясаты тілдік мәселелер мен сананы қалыптастыратын маңызды фактор болып табылады. Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет ретінде үштұғырлы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеру арқылы көптілділік сананы дамытуда. Аталмыш үштұғырлы тіл саясаты Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық қоғамды біріктіру ісіндегі жаһандық маңызы бар бастамасы болып табылады. Осы орайда көптілділікті қалыптастыру мен дамыту жұмыстарында білім беру саласының алар орны ерекше. Себебі кез-келген тұлғаны мектепте, колледжде, ЖОО-да жазуға, оқуға, ойлауға, пікір айтып, алынған ақпаратты саралауға үйретеді. Бұл жерде білім беретін оқытушылардың рөлін де атап өткен жөн. Дәл осындай білікті ұстаз, ғалым, филологтың бірі Наталья Леонидовна Еремия саналады», – деген сөздер келтіріп, профессор Еремия Наталья Леонидовнаның филология мен білім беру ісіне қосқан үлесін айрықша атап өтті.

Наталья Леонидовна Еремия 40 жылдан астам уақыт бойы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ ағылшын тілі кафедрасында қызмет етті. Осы жылдар ішінде 100-ден аса ғылыми еңбек, 5 әдістемелік пен сөздік даярлап жазды. 1999 жылы Америкалық Өмірбаяндық Институты Халықаралық Зерттеу Кеңесінің нұсқасымен «Жыл әйелі» әлемдік сыйын алып, дәл сол жылы «Екінші мыңжылдықтың Құрметті алтын медальімен» марапатталды.


Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

2005 жылдан бері Ақмола облысының «Бари» армян мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Норик Магламян қаламыздағы №1 мамандандырылған коррекциялық мектеп-интернаты тәрбиеленушілері үшін жаңа жыл қарсаңында мереке ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жылы да аталмыш азаматтың бастамасымен «Ани» мейрамханасында бүлдіршіндерді Аяз ата мен Ақшақар күтіп алып, көңілді байқауларға толы болған керемет кеш өткізді.

«Бари» армян мәдени орталығының қазақша аудармасы «Жақсылық» деген сөзді білдіретіні бекер емес, себебі бұл кеште Норик Ашотұлынан 160-тан аса бала тәтті сыйлық алып, қуанышқа бөленді.


Толығырақ

Жас аналар клубының ашылуы

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы аналар Кеңесінің бастамасымен, Көкшетау қаласының №6 «Нұрай» балабақшасында жас аналар клубы ашылды.

«Өз баласының тұлғалық дамуына қажетті ақпараттарды дұрыс таңдап, өмірде қолдана білу ісінде ата-аналарға ақпараттық және тәжірибемен тексерілген көмек қажет, осы ретте аналар кеңесінің орны ерекше», – дейді балабақша меңгерушісі Айгүл Маментикова. Жас аналар клубының жұмысын ұйымдасырудың негізінде жатқан мақсаттар: баланы тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың педагогикалық мәдениеттерін арттыру, отбасы тәрбиесінің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналар ұжымын біріктіру, дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға бағытталған отбасы институтының жұмысын жетілдіру саналады.


Толығырақ

Ою мен ой

Дәл осындай атаумен, қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының мүшесі Үкіжан Ементаеваның қолынан шыққан туындылар топтамасы қойылған көрме өтті.

Үкіжан апа – тігіншілікпен айналысуды ешқашан ойламағанын айтады. Ол кісі ою-өрнекепен 1993 жылдан бері айналысады. Бұған себеп болған, бір жолы Наурыз мерекесіне орай сол кездегі өзі жұмыс істейтін ет комбинаты басшылығының тапсырмасы бойынша киіз үйдің безендіру ісі еді. Ал қазір – «Сірә, бұл маған қанмен берілген болар»,- дейді шебер. Себебі ол кісінің анасы күллі ауылға киім тіккен белгілі тігінші болса, әкесі қолы алтын етікші еді.


Толығырақ

Көкшетау қаласында шешен-ингуш мәдениетінің күндері өтті

«Қоғамдық келісім» КММ ғимаратының салтанат залында шешен-ингуш мәдениеті күндерін атап өтуге арналған концерт болып өтті.
Бұл кеште «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі өкілдерінің өнеріне тәнті болмаған жан қалмады. Шараның мақсаты түрлі ұлттардың мәдениетін танып білу арқылы, ұлтаралық жақындықты, достықты дамыту саналады. Концерт барысында жүрекке жылы тиер ән де айтылды, көңілді көтеріп, ерекше рух берер көркем би де биленді. Жеке дара ән орындаған таланттар Диана Тепсуркиева мен Ашат Костоеваның өнерлері көрермендер тарапынан ерекше ықыласқа ие болды.

Толығырақ

Менің Қазақстаным!

Ақмола облысы орыс қауымдастығының бастамасымен және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауыменен жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында «Менің Қазақстаным» вокалды әндер байқауын өткізу дәстүрге айналған.
Іс-шараның мақсаты ән өнеріне ден қойған дарынды жастардың шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына қолдау көрсету, ұлтаралық татулық пен бірлікті насихаттау мен берік ету, сонымен қоса Ақмола облысында өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің тілі мен мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

Толығырақ

«Ұлы дала әуендері»

Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында «Қазақ тілі мен әдебиеті» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауымен Тәуелсіздік күні қарсаңында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында «Ұлы дала әуендері» атты мәдени-сазды кеш өткізілді.
Кештің басты мақсаты өскелең ұрпақ арасында халық шығармашылығын кеңнен насихаттау болып табылады.

Толығырақ

«Киізден жасалған кәдесый» жасауға арналған шеберлік сағаты

«Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанындағы халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының мүшесі Гүлбара Нұрқанованың жетекшілігімен кезекті шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына Көкшетау қаласының ЖОО-ы студенттері қатысып, киізден кішкентай кәдесыйлы киіз үй жасады. Шеберлік сағаты басталмас бұрын Гүлбара Намазбекқызы жастарға киіз үйдің қазақ халқының көшпелі өмір сүру салтына байланысты пайда болғандығын, оның киізден жасалуының себебі қазақтардың ата кәсібі мал шаруашылығы болғандығын және киіз үй жыл мезгілдерінің әрбіріне бейімделіп жасалатын дөңгелек пішінді тұрғын жайы екендігі туралы айтты.

Толығырақ

Польша поэзиясының мерекесі

«Қоғамдық келісім» сарайының салтанат залында өткізілді. Бұл шараны ұйымдастырушы поляктар бірлестігінің белсенділері мен Людмила Суховецкая бастаған бірлестік жанындағы жастар қанаты болды.
Мерекелік іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы аудандарынан арнайы шақыртылған қонақтар келді. Кеш барысында республикалық мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары мен халықаралық «Kresy-2017» байқауының қатысушылары поляк халқы ақындарының туындыларын оқыды.
Мереке Әулие Миколайдың күні қарсаңында өткізілгендіктен қатысушылардың ешбірі сыйлықсыз қалған жоқ. Олар Ақмола облысы поляктары бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкийдің қолынан бағалы сыйлықтар алды.

Толығырақ

Ән – халықтың жаны!

Дәл осындай атаумен Көкшетау қаласында «Қазақстанның орыс, славян және казактар қауымдастығы ұйымы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен орыс және казак ұлттарының ән фестивалі өтті.
Фестивальге Қарағанды, Теміртау, Степногорск, Көкшетау қалалары мен Ақмола облысының 7 ауданынан келген өнерпаздар қатысты.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36