«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»

Бүгін Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Бурабай ауданындағы Lingvo Camp лагеріндегі балалармен кездесіп қайтты.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м. а А. Нұрмағанова қатысушыларды Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметі, ұлтына қарамастан азаматтық тең құқықты іске асыру тетіктері туралы және этносаралық шиеленістер мен қақтығыстар тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Іс-шара барысында ҚХАА жобаларды жүзеге асыру және құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Р. Идрисова «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы бойынша отбасындағы Ананың рөлі, анаға деген махаббат пен сүйіспеншілік, бала бойындағы ең жақсы қасиеттер ең алдымен анадан берілетіні және ақ сүтін беріп ,әлпештеп өсірген аналарымызды ренжітпей, құрмет көрсету керектігі туралы айтты.
Іс-шара соңында балалар викторина сұрақтарына жауап берді және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды .

«Бақытты болудың сыры»

28 шілде күні «Қоғамдық келісім» КММ Ақтөбелік психолог-консультант, коуч, саяхатшы Аналар кеңесінің төрайымы, «Белсенді өмір орталығының» директоры Ергалиева Бақыт Карагуловна өзінің «Бақытты болудың сыры» атты сырласу кешін өткізді. Кешке ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы және Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне экскурсия жасалды.

 

Бақыт Карагуловна өзінің тәжірибесімен «Бақытты болудың сыры неде?» деген сауалмен бөлісті. Бақытты болу әр адамның ұғымында әр түрлі қалыптасады. Негізінде адам баласы ұсақ нәрселерге де қуана білсе, соның өзі кішігірім бақыт болып табылады. Бақытты болу үшін ең алдымен өзіңді жақсы көріп, екіншіден айналаңдағы адамдарды да дәл солай өзіңдей жақсы көру қажет. Сол кезде сенің бағың еселеніп, ісің алға басады. Адам өзін жақсы көру арқылы өмірге деген көзқарасы оң бола бастайды.

Қатысқан Аналарымыз өздеріне мәнді, мағыналы ой түйіп, өз пікірлерімен бөлісті.

«ТҰЛҒАТАНУ» жобасы

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «ТҰЛҒАТАНУ» жобасын іске асыру шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті.
Жастарды қазақ мәдениетіне, ғылымына, өнер мен әдебиет қайраткерлері бойынша танымдық іс-шараларға белсенді тартуға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Қазақстан этностарын жақындастыруына және қазақ халқының мәдени мұрасын танымал етуге бағытталған «Тұлғатану» жобасын жүзеге асыруға «Қазақстанның орыс,славян және казак қауымдастықтары» Ақмола облыстық филиалы және «Қоғамдық келісім» мекемесі ат салысты.
Шараға ЭМБ, Көкшетау қалалық Аналар кеңесінің, «Ассамблея жастарының» төрағалары мен мүшелері және ҚХА басқа да қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты. Шара Көкшетау қаласының қалалық кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Ұстаз салған сара жол» көрмесімен басталды.
Жиын барысында филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің доценті Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылы туралы мәлімет берді. Кеште ұлы ағартушының шығармалары орындалды. Кеш керемет музыкалық нөмірлермен аяқталды.

Егіндікөл ауданына іс-сапар

18.07.24 ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Г. С. Сабированың Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесуі өткізді, оның барысында кездесуге қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 180, 174 баптары бойынша жауапкершілік түсіндірілді, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу жүргізілді.

«Үйде сөйле»

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і Көкшетау қаласы тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 12 шілде күні Центральный шағын ауданы 59 үй тұрғын үй кешені ауласында «Үйде сөйле» жоба аясында сайыс «Кім жылдам» ұйымдастырылды.
Жоба аясында тұрғындар және балалар арасында әр түрлі ойындар қазақ тілін насихаттау үшін сайыс ұйымдастырылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Әнші-бишілер өнерлерін ортаға салып, танымды іс-шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
Top