«Гендерлік теңдік – дамуға жол»
Бүгін Достық үйінде Ақмола ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, «Сенімен болашақ» ҮЕҰ басшысы Айгүл Қайратқызы Нұрмағанбетованың ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік – дамуға жол» атты семинар өтті.
Аталған іс-шараға ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жахина Айнұр Құрманбаева; Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, «Әәйелдер күштері альянсының» басшысы Мұхамедрахимова Анаргүл Хайыржанқызы; Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Сейдалина Нейля Ибрагимовна; Оразбаева Гүлнара Кәкенқызы, Көкшетау қ. аналар кеңесінің мүшесі, психология магистрі, балалар қауіпсіздігінің сертификатталған жаттықтырушысы; Ақмола облысы ПД МӨҚҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Дауенова Альбина Бакперовна; Көкшетау қ. ПБ МӨҚҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторы Трайбер Эльвира Андреевна, сондай-ақ, Аналар кеңесінің мүшелері мен көп балалы аналар қатысты.
Семинар- тренинг барысында әйелдер мен қыздарды кемсітудің барлық түрлерін жою. Қоғамдық және жеке салаларда барлық әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін, оның ішінде адам саудасы мен жыныстық және басқа қанаудың нысандарын жою. Бала шағында, ерте және мәжбүрлі некеге тұру барлық зиянды әрекеттерді жою туралы сұрақтар талқыланды.
Ұжымның жұмыс кеңесі
Бүгін Достық үйінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. А.Б.Нұрмағанованың төрағалығымен мекеме ұжымының жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесте этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау, этномедиация институтын дамыту, Ассамблея қызметін ақпараттық қолдау және жастар жобаларын ілгерілету жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мекеме жұмысын қайта форматтау жөніндегі басқа да мәселелер талқыланды.
«ЕЛДЕСУ ЖӘНЕ ТАТУЛАСУ»
5 тамызда Астана қаласында «ЕЛДЕСУ ЖӘНЕ ТАТУЛАСУ» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Этномедиация маңыздылығын бүгінгі күндегі маңызын айта отырып, Кеңеске қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Әзілханов Марат Алмасұлының құттықтады.
Сөз алғандар елімізде этномедиацияның перспективалары, жаңа бағыттары, этносаралық қақтығыстардың алдын алудың практикалық аспектілері, жанжалдан кейінгі реттеу шараларының тиімділігі туралы баяндады.
Біздің облыстан аталған шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Айгүл Нұрмағанова және бас сарапшы Айбек Қалықұлов қатысты.
Этномедиация институтын дамыту
Достық үйінде этномедиация орталығы жұмыс атқарып жатқаны туралы хабарлауға қуаныштымыз, оңда этносаралық қатынастар саласында тегін кеңес алуға болады.
Сондай-ақ, 01.08.2024 жылы сағат 11.00-де «Елдесу және татуласу» жобасының аясында Instagram әлеуметтік желісіндегі @assembly_aqmola парақшасында «Этномедиация институтын дамыту» тақырыбында Ақмола ҚХА меджиация кеңесінің төраймы Гүльнар Серікқызы Мадиеваның қатысуымен тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз, онда әрбір тілек білдірушілер қатысып және қызықтыратын сұрақтарға жауап алалады.