«Звездный континент» лагерінде мемлекеттік тілді насихаттау акциясын өткізілді
Бүгін 11-шілде күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Бурабай ауданындағы «Звездный континент» лагерінде мемлекеттік тілді насихаттау акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету,ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы болуға тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықтарын ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
“Звездный континент”
Абай күніне орай, “Звездный континент” лагерінде “Абай оқулары” акциясы аясында
Облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бурабай ауданының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,«Бурабай газеті» ЖШС директоры,Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы балалармен Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелесті. Балалар ұлы ақынның өлеңдері мен шығармашылығын жарыса айтысты. Өзі өлсе де аты өлмейтін ұлы ақынның әр өлеңінен шабыт алып, жас ұрпақтың білімді, ұлтымыздың ұлы ақындарының шығармашылығын жетік білетіндеріне тәнті болып қайттық!

Этносаралық қатынастар
Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің қызметкерлері талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А. К. Раевтың, талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы С. Т. Өзбекованың құрамында Көкшетау қаласындағы «Ани» мейрамханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасы түсіндірілді. этносаралық қатынастар мәселелері, этномедиацияның этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі.
Астанадағы Әлішер Науаи ескерткіші
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекістан президенты Шавкат Мирзиеев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы елорда төрінде ұлы ақын, көрнекті ойшыл Әлішер Науаидың еңселі ескерткішінің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі екенін айтты.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне біздің облыстан ҚХАА төрағасының қоғамдық орынбасары, өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы Тожибуви Медетова қатысты.
«Тіл-ұлттың жаны»
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Бурабай ауданындағы «Балдаурен» лагерінде қазақ тілін насихаттау және дамыту мақсатында, Абай күніне орай «Тіл-ұлттың жаны» атты іс-шара ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – балалар арасында қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру, тілдің маңыздылығын түсіндіру және оны қолдану мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ тілін үйренуге арналған түрлі ойындар, викториналар және шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасалды.
Мұндай шаралар қазақ тілінің болашағын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ арасында оны кеңінен таратуға септігін тигізетіні сөзсіз.