Лариса Аитованың «Я хочу вам рассказать…» атты жаңа авторлық кітабының тұсаукесері

Бүгін Достық үйінде Ақмола облысының татарлары туралы Лариса Аитованың «Я хочу вам рассказать…» атты жаңа авторлық кітабының тұсаукесері өтті.
Жинақ біздің атақты жерлесіміз – туған Қазақстан жерінің патриоты Ибрагим Салаховты еске алуға арналған. Сонымен қатар, кітапта Ақмола ассамблеясының татарлар мен башқұрттар қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы материалдар мен фотосуреттер орналастырылған.
Жалпы, мұндай іс-шаралар облысымыздың мәдени өмірін байытуға және бір шаңырақ астында тұратын түрлі этностар өкілдерінің достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

«Мектепке жол» акциясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен елімізде «Мектепке жол» акциясы жүріп жатқаны мәлім.
Бүгін осы игі іс-шара аясында Ақмола ҚХА «Чинсон» этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Лян мен мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінде болып, онда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектеп рюкзактары мен кеңсе керек-жарақтары түрінде қолдау көрсетті.
Облысымыздың этномәдени бірлестіктері тарапынан қолдау тапқан акция алдағы уақытта да жалғасады.

«Этномедиацияның базалық негіздері»

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған этномедиация мәселелері бойынша пайдалы тәжірибені масштабтау қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында бүгін “Қоғамдық келісім” КММ-де «Этномедиацияның базалық негіздері» 2-күндік семинар-тренингі басталды.
Іс-шараны мекеме басшының м.а. А.Нұрмағанова ашып, семинар қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Айгүл Бейсенбайқызы қазіргі жағдайдағы этномедиацияның маңыздылығы туралы айтып, қажет болған жағдайда этносаралық қақтығыстарды реттеу үшін қолдануға болатын тиісті дағдыларды игеру мен оқуда табыс тіледі.
Мекеменің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Қ. Раев қатысушыларға оқыту бағдарламасын айтып, олардың назарын осы өткізілетін іс-шараның біздің аймақ үшін маңыздыздылығына аударды.
Іс-шараның мақсаты практикалық қызмет үшін этносаяси процестерді талдау және болжау, этномедиация саласы туралы тұтас түсінік, жанжалдағы өзара іс-қимылдың тиімді технологияларымен, күрделі жағдайларды сындарлы шешу әдістерімен, сондай-ақ қақтығыстар, дағдарыстық жағдайлар саласында, ішкі саясатты жоспарлауға, жанжалдардың алдын алуға және реттеуге бағытталған оңтайлы басқару шешімдерін іздестіру саласында құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
Семинарға ауылдық округ әкімдері, білім беру, ішкі саясат, құқық қорғау органдары, жастар ресурстық орталықтары, этномәдени және қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысады.

«Алдар көсе» кафесының еңбек ұжымымен кездесу

Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ә.Қ. Раев пен бас сарапшы С.Т. Өзбекованың құрамында «Алдар көсе» кафесының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның Этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы А.Б.Нұрмағанова мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу және мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Top