«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Достық үйі ғимаратының маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында ғимарат маңы қоқыстан тазартылып, бағандары мен қоршаулары әктеліп, абаттандырылды.
«Таза қазақстан» акциясы бізді туған елімізге, айналамызға қамқорлық жасауда біріктіреді. Бұл біз жасыл және таза ел үшін жасайтын ортақ іс.

«Бірлігіміз әралуандықта»

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде «Бірлігіміз әралуандықта» жоба аясында Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ақмола облысы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына арналған экскурсия өтті.

Этномәдени бірлестіктерінің кабинеттері көрсетілді, онда кең этнографиялық жинақ: тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер сақталған. Тыңдаушыларды дәстүрлі ұлттық костюмдер, музыкалық аспаптар қызықтырды. Экскурсия барысында облысымызда тұратын этностардың дәстүрлері туралы айтылды. Экскурсиядан кейін «Татулық пен бірлік – басты байлық!» атты тақырыптық фильм көрсетілді, онда еліміздегі бірлік пен келісімнің маңыздылығы туралы айтылады.

Облыстық Ардагерлер кеңесінің жиналысы өтті

18 қыркүйек күні Достық үйінде Облыстық Ардагерлер кеңесінің жиналысы өтті. Ақмола облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақмола облысының ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Ермек Бекенұлының Нұғыман облыс әкімінде болған кездесу туралы сөз айтты.
«Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жоба аясында зейнеткерлердің проблемаларын шешу, оларға әлеуметтік жағдайын жағсарту туралы, зейнеткерлердің және ардагерлердің заң аясындағы мәселелері қаралды. Аудандық деңгейдегі құрылымдарын жұмысын жақсартуға бағытталған Жастар практикасы шеңберінде әр ауданға көмек ретінде қызметкерлермен қамтамасыз ету мәселесі айтылды. Осы бастамаларға Әкім толығымен қолдау көрсететінін сендірді.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік көшпенділер ойында Ақмола облысынан делегаттар ретінде қатысқан Ермек Бекенұлы Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны турылы да өз пікірмен бөлісті.

«Аялы әже» форумы аясында эстафета болып өтті

Бүгін 17 қыркүйек Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Аялы әже» форумы аясында эстафета болып өтті. Іс-шараға ҚХАА ЭМБ және қоғамдық құрылымдарының мүшелері және Ақмола облысы ІІБ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Әже – өмірдің тағылымды тәрбиешісі, бабадан қалған рухани мирастың тасымалдаушысы, ұлттық санада қалаптасқан парыздың жазылмаған иесі.
Аялы әжелеріміздің жас ұрпақ тәрбиесіндегі саналы жұмыстары үлгі болсын деген мақсатпен «Аялы әже» мүсін-таңбасы марафонның кезеңінде Ақмола облысынан Солтүстік Қазақстан облысы өкілдеріне тапсырылды.

 

Этномедиацияның базалық негіздерін оқыту бойынша семинар-тренинг

16 қыркүйекте Петропавл қаласында этномедиацияның базалық негіздерін оқыту бойынша 5 күндік семинар-тренинг басталды, оған “Қоғамдық келісім” КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы А.Е. Қаликулов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің төрағасы және мүшесі Г.С. Мадиева және Ф.Б. Есжанова қатысады.
Семинар-тренинг жедел режимде этносаралық шиеленісті анықтауға, уақтылы әрекет етуге және қажет болған жағдайда туындайтын дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Бұл оқыту курсын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиация орталығы ұйымдастырды.
Top