Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Кеңес отырысы

Қазақстан Республикасын әлемдік кеңістіктегі өзге мемлекеттерден ерекшелейтін әрі күллі ел тұрғындарының басты мақтанышы саналатын құндылықтардың бірі – ұлтаралық келісім мен татулық екені даусыз. Мемлекетіміз бар жаһанға ынтымақтастыққа, толеранттылыққа, өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген даму жолын үлгі етіп отырғаны тағы бар. Әрине, ол тұрақтылықтың барлығы, жылдан жылға аясы кеңейіп ауқымы күшейіп отыратын қажырлы еңбектің арқасында келетінін баршамыз да білеміз. Аталмыш бағыттардағы сұрақтарды реттеуде, жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды маңызды ұйымның орны өлшеусіз. Эконмикамыздың дамуы, халықаралық дәрежедегі беделіміздің үстем болуы, елімізде тұратын жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өзара арақатынасы дұрыс бағытта екендігін айғақтайды.

Толығырақ

Кезекті шеберлік сағаты

16 қараша күні Халықтық сәндік-қолданбалы өнер  шығармашылығы шеберлері қауымдастығының ұйымдастыруымен кезекті шеберлік сағаты өткізілді. Бұл жөлы өткізілген шеберлік сағатының бір ерекшелігі  Дүниежүзілік қолөнер күні мерекесіне тұспа-тұс келуі.
Шеберлер қауымдаствғының  мүшесі Альбина Байковская  ұйымдастыруымен өткізілген шеберлік сағатына Көкшетау қаласының  №1 құрылыстық-техникалық колледжінің «Сәндік-қолданбалы өнер мен халық кәсібі» мамандығының 2 курс студенттері шақырылды.
Альбина Кирилловна шеберлік сағатын «Макраме» тақырыбында өткізді. Бұл техникада интерьерді безендіру, киім және аксессуарлар үшін бұйымдар жасауға болады. Альбина апай өзінің ішінде: кашпо, белдік, сөмкелер, «Сова» панносы және көйлекке арналған танамоншақтар бар айрықша бұйымдарын  шеберлік сағатының қатысушыларына көрсетіп өтті.

Толығырақ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНЕ САЯХАТ» ДИАЛОГТЫҚ АЛАҢЫ

2013 жылы жұмысын бастаған Аналар кеңесінде бүгінде түрлі этнос өкілдерімен қоса облыс орталығындағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері де мүшелік етеді. Осы орайда, қалалық №11 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Аналар кеңесінің мүшесі Зәуреш Қақабаеваның жетекшілігімен 40-қа жуық оқушы Шымкент, Түркістан қалаларына барып, сол өлкенің киелі жерлерімен танысып қайтқан болатын. Ал Аналар кеңесі бұл бастаманы ары қарай жандандырып, оңтүстіктегі киелі жерлермен танысып қайтқан оқушылармен кездесу ұйымдастырды.

Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ!

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жүктелген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыста ауқымды шаралар қолға алынған. Ақмолалықтардың пайымдауынша, Елбасы атап көрсеткен «Туған жер» бағдарламасы келер ұрпаққа патриоттық бағытта тәрбие беруге, тарихтан тағылым алуға бабалар есімін қайта жаңғыртуға жол ашып отыр.

Толығырақ

Аналар кеңесі диалогтық алаң өткізді

«Қоғамдық келесім» сарайында ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлеріне саясат» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді.
Модераторы Зере Қиықова Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы мына сөздердің іс-шараның ұранына айналғанын айтады: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі». Кездесудің қатысушылары – аналар кеңесінің мүшелері, қаланың білім беру мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдері болды.

Толығырақ

Жемқорлықпен күресу

Жемқорлық сөзінің анықтамасы ежелгі рим құқығында сот тәжірибесіндегі құқыққа қарсы әрекеттерді, зақымдау, сындыру, бұзу, сатып алу сияқты әрекеттерді білдірді. Жемқорлықтың нысаны ретінде заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар бола алды. Қызметтік жағдайды жеке мақсаттарда пайдалану формасы алуан түрлі болғандықтан, түрлі санаттар бойынша жемқорлықтың түрлі түрлерін бөліп қарастырады.

Толығырақ

Асық ату ойынының чемпиондары анықталды

Тәуелсіздік жылдары ішінде асық ату сияқты ежелгі қазақтың дәстүрлі ойыны қайта өркендеп қана қоймай, сонымен қатар спорттың кәсіби түріне айналды. Ал ел ішіндегі спортшылардың саны болма 80 мың адамға да жетіп қалды.
«Асық ойнау ережесі ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан өте кең таралған қазақтың ұлттық ойыны. Асық ату бұл халықтың ескі ғұрпы. Бұл – халық дәстүрі мен мәдениетінің көзі».
Бүгінгі күні этнографтар мен мәдениеттанушылар осы ойынның феноменін зерттеуде. Мысалы, ғалым Бекен Қарашин асық ойынының негізінде қандай да бір белгі кодтар мен шартты белгілер жасырынған деп есептейді. Егер осы жұмбақтарды шешсе қазақ дәстүрі мен қоғамының дамуы тарихына қызықты жайттарды білуге болады деп есептейді.  Тутанхамон пирамидасынан археологтар біздің асықты тапқан. Бұл тағы бір жұмбақ.

Толығырақ

Взаимодействие областного Совета общественного согласия при Акмолинской ассамблее народа Казахстана с институтами медиации. Медиация — как институт общественного согласия и укрепления гражданской идентичности

Основной задачей областного Совета общественного согласия при Акмолинской Ассамблее народа Казахстана является консолидация институтов гражданского общества, политических и неправительственных организаций, иных объединений в целях укрепления и развития казахстанской идентичности на принципе гражданства, общественного согласия и общенационального единства в обществе, выработка единых подходов для достижения цели и задач Ассамблеи народа Казахстана, реализации общенациональной патриотической идеи Мәңгілік Ел, воспитания Нового Казахстанского Патриотизма. Для выполнения данных задач областной Совет общественного согласия при ААНК должен выполнять самые разные функции. В числе таких функций  – это содействие развитию медиации на местах.
Закон «О медиации» был принят в январе 2011 года. Однако данный закон не получил достаточно широкое применение на практике. В связи с этим областным Советом общественного согласия при ААНК принимаются меры для его более широкого развития.

Толығырақ

Список кандидатов из Акмолинской области, прошедших отборочный тур по конкурсу “100 новых лиц Казахстана”

Список кандидатов из Акмолинской области, прошедших отборочный тур по конкурсу “100 новых лиц Казахстана” (голосуйте за наших участников на сайте http://100esim.el.kz/ru)

Толығырақ

«Ресей мен Қазақстан – екі елдің бірлігі мен достығы»

– осындай атаумен қоғамдық келісім сарайында Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ақмола облысының орыс қоғамы.
«Осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толып отыр. Қазақстан мен Ресей бір бірі үшін ортақ тарихы, адал көршілестігі бар сенімді серіктес болып қала береді»,- деп өз сөзінде Қазақстандағы Ресей серіктестігінің басшысы Виктор Нефедов айтып өтті. Іс-шара барысында Ресей серіктестігі өкілеттілігінің алғыс хаттарымен марапаттау салтанаты жалғасты. Марапатталғандар арасында – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшелері Фатима Рассолова мен Александра Мякотаны атап өтуге болады.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24