Медиация бойынша семинар

Ақмола облыстық сотында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов «Қалпына келтіруші сот төрелігіндегі медиативтік рәсімдердің қолданылуы» атты тақырыпта тренинг семинар өткізді.

Оқыту семинарында Медиацияны дамыту орталығының, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының, «Атамекен» ҰКП өкілдері, прокурорлар, қорғаушылар, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, сақтандыру компаниялары, банк құрылымдары, сонымен қатар өз қызметінде медиацияны  қолданатын өзге де ұйымдардың өкілдері болды. Өткізілген іс-шараның мақсаты – қалпына келтіретін сот төрелігіндегі медиативтік рәсімдердің қолданылуында тәжірибелік дағдыларды жетілдіру. Тренинг семинар қатысушылары қалпына келтіруші сот төрелігіндегі судьялар, прокурорлар, медиаторлар мен қорғаушылардың рөлін талқылады. Сондай-ақ, олар «Медиация туралы» Заңға ұсынылатын өзгерістер бойынша сот пен медиаторлардың сөз сөйлеуін, мақала шығаруын талқылап, пікір таластырды, өңірдегі медиацияны ары қарай дамытуға тілектерін білдірді.

Толығырақ

«Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік – Қазақстанның әлеуметтік игілігі мен өркендеуінің негізі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында «Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік – Қазақстанның әлеуметтік игілігі мен өркендеуінің негізі» тақырыбы бойынша, «Тарих, құқықтану, өнер және спорт» факультетінің  «Жалпы тарих және философия» кафедрасы ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің модераторы тарих ғылымдарының магистрі, «Жалпы тарих және философия» кафедрасының аға оқытушысы Жүсіпова Раушан Құрманғалиқызы, өз сөзінде «бүгін қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін нығайтуға қызмет ететін іс жүзінде әрекет ететін күш», – деп баяндады.

Іс-шараға спикерлер ретінде «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім жөніндегі облыстық кеңестің мүшесі Зере Қиықова,  «Ақмола облысының татар және башқұрт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулкарнаев, «Ақмола облысының« Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владлен Погребицкий, Ақмола облысының «Санги-Кабуд»  тәджіктік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров және кафедра студенттері қатысты.

Толығырақ

Жақсы бастама жасалды

Зеренді ауданының Достық орталығында аудандық Аналар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге ауылдық округтердегі кеңестердің мүшелері мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қатысты.

Өз сөзінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Клара Сағындықова, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тармақтарына жіті тоқтала келе, ғаламдық деңгейдегі маңызы бар мәселелерді шешуде Президент Жолдауында көрсетілген іс-шаралар барша халық пен мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын ерекше атап өтті. Сонымен қоса пікір иесі Елбасының бастамасымен аталмыш алға қойылған мақсаттардың барлығы орындалатынына сенімді екенін жеткізді.

Толығырақ

Ақмола облысының Қоғамдық келісім кеңесі қызметінің қорытындысы бойынша анықтама

Ақмола облысында жалпы саны 2 987 адамды қамтитын 1 облыстық деңгейде, 2 қалалық, 17  аудандық және 228 ауылдық деңгейдегі 248 ҚКК әрекет етеді. ҚКК қызметінің ережесіне сәйкес, отырыстар тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Онда 2017 жылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға; «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР халқына арналған Президент жолдауын талқылауға; қазақстандық жаңа патриотизмді тәрбиелеуге; елді-мекендерді абаттандыруға; табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге; салауатты өмір салтын насихаттауға; медиацияға қатысты өзекті деген 136 мәселе қаралды. Сонымен бірге кезектен тыс отырыстарда конституциялық реформаларды түсіндіру мен талқылау, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетілуін үйлестіруі, Халықаралық мамандандырылған «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге қолдау көрсету,  Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын «Туған жер», «Қазақстанның 100 тұлғасы», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіндегі әліпбиінің бірыңғай стандарты» сияқты бағыттар бойынша талқылау мен түсіндіру мәселелері де қаралды.

Толығырақ

Мен – өз елімнің патриотымын!

Дәл осындай атаумен «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің армян тілі сыныбында сынып сағаты өтті.

Оқушылармен кездесуге «Бари» армян мәдени орталығының төрағасы Норик Магламян мен орталық белсенділері қатысты. Оның мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Жақсылық сыйла» атты қайырымдылық жобасы 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді.

Толығырақ

Ән барлығын біріктіреді…

Щучинск қаласының Мәдениет үйінде, Щучинск бөлімінің бірінші атаманы  Юрий Хомуллоны еске алуға арналған концерт өтті. 1989 жылдың мамыр айында Юрий Кузьмичтің бастамасы және тікелей қатысуымен өңірдегі бірінші казак ұйымы – Щучинскілік казактар көшбасшылар ұйымы құрылды. Аталмыш ұйымның сол алғашқы отырысында Юрий Кузьмич атаман сайланып, оны 2012 жылға дейін үзіліссіз басқарды. 2012 жылы ардагерлер кеңесін басқаруды қолына алғанына қарамастан  Юрий Кузьмич өз ұйымының жұмысына да тығыз араласып өмір сүрген жан.   Ұйым мүшелері он сегіз жылдан астам уақыт  бойы ұйым төрағасы болған оның, нағыз казак образын қалыптастыра білгенін айтып еске алады. Өзіне ақыл-кеңес сұрай барған адамның мәселесін әрдайым соңына дейін тыңдап, мәнді де мағыналы, салмақты  кеңесін беруден еш шаршаған емес.

Толығырақ

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Батырханов Мұнарбек Бүркітбайұлын құрметті еңбек демалысына шығарып салдық.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов өз сөзінде Мұнарбек Бүркітбайұлын құттықтай келе, оның қызметі барысында Қазақстан халықтарының тілдерін, мәдениетін дамытып, өңірдегі қоғамдық бірлік пен келісімді сақтауға негізделген ауқымды жұмыстардың атқарылғандығы туралы айтылған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімованың сәлемдемесін жеткізді. Сонымен қоса бұл кезеңде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өңірдегі басқармалармен, ұйымдармен, департаменттермен жүйелі қарым-қатынас орнатылды. Бұның барлығы Үкімет мүшелері және Мәжіліс депутаттары, этномәдени бірлестіктер елшіліктері мен шетелдік делегация өкілдері қатысқан барша іс-шаралардың жоғары деңгейде өтулеріне ықпал етті.

Толығырақ

Реформалардың табысты болуына кімдер жауапты?

Қазақстан халқы Ассамблеясының  Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша республикалық Бірыңғай күн аясында Қоғамдық келісім сарайында облыстық ассамблея мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесі өкілдерінің қатысумен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырысты ашқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Видергебурт» немістер қоғамының төрайымы Светлана Корнеева, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген мемлекеттік маңызы бар тапсырмаларды орындауда Ассамблеяның алар орны ерекше екендігіне тоқталды.

Толығырақ

Тілдердің үштұғырлығы және көптілді білім беру ісіне профессор Н.Л. Еремияның сіңірген еңбегі туралы

«Қоғамдық келісім» сарайында «Ақмола облысында үштұғырлы тіл саясатын дамыту» атты тақырыптағы профессор Наталья Леонидовна Еремияны еске алуға арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері. Семинарға лингвист – ғалымдар, магистранттар, Ш. Уәлиханов КМУ және А. Мырзахметов КУ студенттері шақыртылды.

Кездесу модераторы, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрағасы – Қапышев Ардақ Қайыржанұлы өзі оқыған «Көптілділік – этносаралық келісімді нығайту факторы ретінде» атты тақырыбындағы баяндамасында: «Тіл саясаты тілдік мәселелер мен сананы қалыптастыратын маңызды фактор болып табылады. Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет ретінде үштұғырлы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеру арқылы көптілділік сананы дамытуда. Аталмыш үштұғырлы тіл саясаты Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық қоғамды біріктіру ісіндегі жаһандық маңызы бар бастамасы болып табылады. Осы орайда көптілділікті қалыптастыру мен дамыту жұмыстарында білім беру саласының алар орны ерекше. Себебі кез-келген тұлғаны мектепте, колледжде, ЖОО-да жазуға, оқуға, ойлауға, пікір айтып, алынған ақпаратты саралауға үйретеді. Бұл жерде білім беретін оқытушылардың рөлін де атап өткен жөн. Дәл осындай білікті ұстаз, ғалым, филологтың бірі Наталья Леонидовна Еремия саналады», – деген сөздер келтіріп, профессор Еремия Наталья Леонидовнаның филология мен білім беру ісіне қосқан үлесін айрықша атап өтті.

Наталья Леонидовна Еремия 40 жылдан астам уақыт бойы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ ағылшын тілі кафедрасында қызмет етті. Осы жылдар ішінде 100-ден аса ғылыми еңбек, 5 әдістемелік пен сөздік даярлап жазды. 1999 жылы Америкалық Өмірбаяндық Институты Халықаралық Зерттеу Кеңесінің нұсқасымен «Жыл әйелі» әлемдік сыйын алып, дәл сол жылы «Екінші мыңжылдықтың Құрметті алтын медальімен» марапатталды.

Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

2005 жылдан бері Ақмола облысының «Бари» армян мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Норик Магламян қаламыздағы №1 мамандандырылған коррекциялық мектеп-интернаты тәрбиеленушілері үшін жаңа жыл қарсаңында мереке ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жылы да аталмыш азаматтың бастамасымен «Ани» мейрамханасында бүлдіршіндерді Аяз ата мен Ақшақар күтіп алып, көңілді байқауларға толы болған керемет кеш өткізді.

«Бари» армян мәдени орталығының қазақша аудармасы «Жақсылық» деген сөзді білдіретіні бекер емес, себебі бұл кеште Норик Ашотұлынан 160-тан аса бала тәтті сыйлық алып, қуанышқа бөленді.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24