«Біз қазақстандықтармыз!»

Осындай атаумен «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде этнофестиваль өтті. Оның мақсаты – Қазақстан халқының этномәдени мұрасын кеңінен насихаттау, төзімділік мәдениетін және азаматтық біркелкілікті қалыптастыру.

Сыныптарда Қазақстан халқы этностарының ұлттық ерекшелігін, салт-дәстүрін, халық шығармашылығын, олардың тұрмыс өзгешелігін көрсететін суреттер мен қолдан жасалған сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі безендірілді. Фестиваль бағдарламасында қазақ биі, қазақ халық күйі, әсерлі болған неміс биі, орыс тақпақтары, поляк және чуваш тіліндегі әндер, татар, армян, кәріс тіліндегі өлеңдер орындалып, құттықтаулар айтылды.

Толығырақ

Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылау жөніндегі Ассамблеяның бірыңғай күні

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының активі және құрылымдарының, этномәдени бірлестік өкілдерінің, ҚХ Ақмола ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі бойынша диалог алаңы өтті.

Модератор, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов кіріспе сөзінде Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – зор әлеуметтік мәнге ие және өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынушы маңызды стратегиялық құжат екенін атап өтті.

Толығырақ

«Жазығым не менің, мама?»

Қоғамдық келісім сарайында осы атаумен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырған драмалық қойылым сахналанды.

Ол Ақан сері атындағы Мәдениет колледжі студенттерінің күш салуымен қойылды. Режиссері – колледждің дарынды педагогі Маржан Бөкешова.

Қойылымды көрсетудің мақсаты – жас ұрпақтың өз өмірі мен қоршаған ортасына деген жауапкершілігін арттыру, олардың бойында отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған әдеттерді қалыптастыру.

Толығырақ

Ана үйі

5 наурыз күні Көкшетау қаласындағы Ана үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, мерекелік іс-шара өтті. Оған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов қатысты.

Ринат Фаатұлы әйел қауымын келе жатқан көктем мерекесімен құттықтады. Ақмола облысы әкімінің атынан теледидар сыйлады. Сондай-ақ Ана үйінде тұрып жатқан сәбидің тұсауын кесті.

Толығырақ

Алғыс айту күні

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Ақмола облысындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХАА жанындағы облыстық ҚКК мүшесі Назим Абыоглы Шихалиев және «Санги Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы Умар Файзудинович Шоназаров облыстық KO’KS’E (Қазақстан-Көкшетау) телеарнасының қызметкерлері үшін барлық этностың бір-біріне және ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында Қазақстанға жаппай жер аударылу уақытында әр түрлі этнос өкілдерін туғанындай қабылдаған және мейірімділік танытқан қазақтарға Алғыс айту күні туралы әңгіме құрды.

Толығырақ

Алғыс айту күні

2018 жылғы 1 наурызда Алғыс айту күнін тойлау аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Отандық тарих және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы «Алғыс айту күні Қазақстан халқы бірлігінің символы ретінде» атты дөңгелек үстел өткізді.

Алғыс айту күні – бұл Қазақстанға келген әр түрлі этностың миллиондаған адамын, оның ішінде қайғылы оқиғалар салдарынан қонақжайлылықпен қабылдаған Қазақ жері мен оның халқына ризашылық білдіру. Бұл еліміздің барша азаматының бір-біріне құрмет көрсетуі, ортақ тарихымызды қадірлеп құрметтеу күні, өзара жәрдем мен қолдау көрсету күні.

Толығырақ

Баршаңызды көктемнің шуақты алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Қажырлы да тынымсыз еңбектеріңіз, қайраттылықтарыңыз, әр іске деген өзіндік жоғары жауапкешіліктеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіреміз.
Көктемнің алғашқы мерекесі – 1 наурыз Алғыс айту күнінде отбасыларыңызға береке-бірлік пен шаттық, бастарыңызға амандық тілейміз.

Жолдауды талқылау бойынша кездесу

31 қаңтар күні Көкшетау гуманитарлық-техникалық коллледжінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті. Оған Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығының жетекшісі, ҚХАА жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің (ҚКК) мүшесі Т.М. Ысқақов, Ғылыми-сараптамалық топтың, ҚХАА жанындағы облыстық ҚКК-нің мүшесі Р.С. Буктугутовалар қатысты.

Толығырақ

Масленица дегеніміз қысты шығарып салу

Қоғамдық келісім сарайының маңындағы алаңда адам көп жиналды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары Масленица мерекесінде қыс айын шығарып салып, көктемді қарсы алуға асыққандай!

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысының орыс қауымы.

Масленица апталығының басты нышандары – құймақ, ірімшік нан, сауық-сайран, байқаулар, жәрмеңке және мейраммен аттас Масленица сабан қуыршағы.

Толығырақ

Көкшетауда Терендез атап өтілді

Қоғамдық келісім сарайының маңындағы алаңда көп адам жиналды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары, «Бари» армян мәдени орталығының және этномәдени бірлестіктердің белсенділері «Терендез» ұлттық мейрамын тойлады.

Жаратқан Иеден жаңа құрылған жанұяларды қорғау сұралып, жастарға таңдаған жолына адал болуына бағыт көрсетіледі. Бұл кездейсоқтық емес.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24