Қазақстан мен Өзбекстан достығы мәңгі!

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияланды. Осыған орай «Қоғамдық келісім» сарайында Ақмола облысы Мәдениет басқармасының Көкшетау қаласы тарихының музейі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырған салтанатты іс-шара болып өтті.

Сахнада Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығының өкілдері бірнеше салтты жарқын етіп таныстырды. Ғасырлар қойнауына тамыр жіберген сол жоралғылардан өзбек халқыңа тән қасиет көрініс тапты. Әр жанұяда үйлену тойы сияқты қуанышты сәттер ерекше әсем көптеген салт түрімен ілесіп отырады. Соның бірі – «келин-салом». Бұл дәстүр жігіт жақтың туысқандарына отбасының жаңа мүшесі келіннің үйлену тойынан кейінгі күні сәлем салуын білдіреді.

Толығырақ

«Біз Қазақстанмен орнаған достықты қадірлейтінімізді шын көңілмен айтып тұрмын»

ҚР-дағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Назирмад Ализоданың бұл сөзі Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан мен Тәжікстан арасында орнаған дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына арналған кездесуде айтылды. Достық пен өзара құрметтің жақсы дәстүріне сүйенген елдер екі жақты қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік пен одақтас болудың жоғары деңгейіне шейін алып шықты.

Іс-шараны Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова ашты. Меймандарды қошеметтей отырып, қазақстандықтарға Тәжікстанның Бируни, Рудаки, Ибн Сина сияқты көрнекті мәдениет қайраткерлерінің есімі жақсы таныс екенін айтып өтті. «Ортақ достық қарым-қатынас, ғасырлар бойғы тарихи мәдени салт-дәстүр бізді бұрыннан байланыстырып жүр. Қазірде мұны берік экономикалық байланыс толықтыра түсті. Көкшетау қаласындағы кәсіпорынның бірінде Тәжікстанның өкілдері басшы болып отыр. Облыста өткен жылы алғаш рет тәжік этномәдени бірлестігі құрылды. Жас спортшыларымыз Тәжікстанда болып қайтты». Ол арадағы жақсы қарым-қатынас әрмен қарай жалғасатынына үмітпен қарайды.

Толығырақ

«Заречьенің 10 жаңа есімі» жобасы басталды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасынан шабыт алған Заречье ауылдық округінің Қоғамдық келісім кеңесі өздерінің «Заречьенің 10 жаңа есімі» жобасына бастамашылық етті. Бұл жобаның идеясын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қолдады.

Үміткерлер:

– Заречье а/о тұрғыны;

– 16 жастағы және одан үлкен;

– өз ауылының тағдырына жауапкершілікпен қарайтын, терең отансүйгіштік сезімге, азаматтық белсенділікке ие ауылдың қоғамдық өміріне, рухани келісімді орнатудағы еңбек қызметіне белсене қатысушы сияқты өлшемшарттарға сәйкес болуы тиіс еді.

Жоба іске асырылғаннан бері 18 өтінім келіп түсті. Іріктеудің екінші кезеңіне 15 өтінім иесі өтті.

Толығырақ

Жылулық пен мейірім мерекесі

Қоғамдық келісім сарайында жарқын пасха мейрамы болып өтті. Пасха іс-шарасын Ақмола облысының поляктар бірлестігі, «Бари» армян мәдени орталығы және чуваш этномәдени орталығы бірлесе өткізді.

Мерекелік безендірілген залға қаланың тұрғындары мен қонақтары жиналды. Шараны жүргізуші Людмила Суховецкая мерекемен құттықтай отырып, Пасха ежелгі және ең маңызды христиан мейрамы екенін атап өтті.

Толығырақ

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарихшы студенттерінің «Шаңырақ» командасы өңіріміздің этностық сан алуандығын таныстырды

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері 2018 жылғы 5-6 сәуірде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Тарих» мамандығы бойынша республикалық Х студенттік пән олимпиадасына қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – неғұрлым дарынды студенттердің шығармашылық қабілетін ашу, оларды іріктеу мен қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; мамандығы бойынша ғылыммен айналасуына қызығушылықты дамыту. Олимпиадада қазақ және орыс тілі қолданылды.

Толығырақ

Аналар кеңесі «дөңгелек үстел» өткізді

«Қоғамдық келісім» сарайында бірлескен әрекет ету бағдарламасы аясында ҚХ Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдастырған «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-лардың кәмелеттік жасқа толмағандарды қайта әлеуметтендірудегі өзара іс-қимылы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараның басты міндеті – кәмелеттік жасқа толмағандарды жан-жақты қолдау. Кездесуді модератор, Ақмола облысының кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова ашып, басқосу ынтымақтастық туралы меморандумның әрекет ету күші шеңберінде өтіп жатқанын айтты.

Толығырақ

Көкшетауда ҚХ Ақмола ассамблеясы активінің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахмановпен кездесуі өтті

«Қоғамдық келiсім» сарайында ҚХ Ақмола ассамблеясы активі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахмановпен кездесті.

Достық үйінің залы облыстың этномәдени бірлестігінің, ҚХ Ақмола ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың төраға-төрайымдары мен оның мүшелеріне толы болды.

Кездесуді ашқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының меңгерушісі Ринат Галлямов осы басқосу Қазақстан Республикасы президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі аясында өтіп жатқанын және аталмыш бастамаларды кеңінен талқылауды көздейтінін атап өтті.

Толығырақ

«Сені жақсы көремін, Көкшетау! – Мин яратам сине, Көкшетау!»

Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігінің фестиваль концерті қоғамдық келісім сарайында өтті. Бес жылдан аса өткізіліп жүрген дәстүрлі іс-шараның эпиграфы етіп біздің жерлесіміз, жазушы Ибрагим Салаховтың «Көкшетаудан сұлу жер жоқ, көкшетаулықтардай сүйкімді адамдар жоқ», – деген сөздері алынған.

Қатысушылар сан алуан бағдарламаны ұсынып, әрқайсысы сүйікті қаласы – Көкшетауды әнге қосты. Концерттік бағдарламаға «Галиябану» фольклор ансамблі мен «Яшьлек» би тобы секілді көркемөнер әртістерімен бірге Біржан сал атындағы колледж, музыкалық колледж бен Ақан сері атындағы Мәдениет колледжінің шәкірттері де араласып кетті. Гала концерттің нөмірлері 3 тілде – қазақ, татар, орыс тілінде ұсынылғаны қуантарлық жәйт. Пианинода асқан шеберлікпен ойнау татар әуеніне көшсе, елтіп әкететін саксофон жарқын би өнерімен жалғасын тапты. Концерт бір демде өтті. Көрермендердің толассыз қол шапалақтауы бұған дәлел. Барлық қатысушы бірлестік төрағасы Рафаил Сулькарнаевтың қолынан мақтау қағаз, дипломдар және естелік сыйлықтар алды.

Толығырақ

Қош келіпсің, Наурыз!

Көктемнің жарқын мерекесі Наурыздың қарсаңында Қоғамдық келісім сарайының қабырғасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Қош келіпсің, Наурыз!» атты театрландырылған музыкалық шығармашылық бағдарламасы ұсынылды.

Мұнда еңбек ардагерлері, қала мектептерінің оқушылары, этномәдени бірлестік өкілдері, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары жиналды. Мереке домбыра үнінен бастау алды. Халық дәстүрі бойынша «Қазақ тілі мен мәдениеті» бірлестігінің киіз үйінде Аналар кеңесінің белсенділері барша жиналғандарды жұмсақ қызарған бауырсақпен қонақ етіп, мейрамның басты тағамы – наурыз көжеден дәм татқызды. Жеті дәмнен тұратын мерекелік наурыз көже көктемгі күн мен түн теңесетін шақта ерекше мән-маңызға ие. Наурыз көжедегі кәдімгі су, ет, тұз, май, ұн, күріш пен айран сиқырлана түскендей әсер қалдырады.

Толығырақ

«Менің Қазақстаным» байқауы

Наурыз мейрамын атап өтуге арналған іс-шаралар легін Чуваш этномәдени бірлестігі жалғастырды.  Көкшетау қаласының балалар шығармашылық мектебінде дәл осы бірлестіктің бастамасымен  ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» байқауының жеңімпаздары марапатталған салтанатты жиналыс өткізілді.

Чуваш этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Мащинская  байқауға қатысушылар арасынан жеңімпазды таңдап алу өте ауыр болғанына тоқталып, қатысушылардың барлығы әртүрлі техникада жасалған сурет туындыларын ұсынып, әрбір еңбектің өзіндік ерекшеліктерін атап өтті. Байқау гран-приін Аипова Алена алса, бірінші орынға Руслана Серикова ие болды. Ал екінші орындарға Тамила Жақыпова және Дарья Алеексеевалар тұрақтады. Мащинская Елена Ивановна жеңімпаздарды құттықтап, оларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24