«Ақмола облысының «Видергебурт» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Төрайымы – Корнеева Светлана Георгиевна

Ақмола облысының «Видергебурт» немістер қоғамы 1987 жылы пайда болған. Өзінің филиалдарын Степногорск, Атбасар қалаларында, сонымен қатар Ақмола облысының Бурабай және Сандыкқтау аудандарында ашқан.

Бірлестіктің жанында жастарға арнап білім берушілік, спорттық-сауықтырушы, демалыстық іс-шараларын ұйымдастыратын «Zodiak» неміс жастарының клубы жұмыс істейді, «Гитарен брюм» ән тобы бар.

Бірлестік мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз серіктестік жасайды. 20 жылдан астам уақыт бойы қоғамдастық ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда: «Тілдік жұмыс» – балалар мен ересектерге арналған неміс тілін оқыту курстары; мүгедектерге, әскери еңбеккерлерге, аз қамтылған адамдарға қолдау көрсету бойынша «Әлеуметтік қызметтер орталығы»; «Неміс мәдени орталықтарының желісі» – неміс халқының мәдениетін сақтау мен дамыту бойынша іс-шаралар өткізу.

Сонымен қатар бірлестіктің жанында балалардың көп векторлы дамуына, мемлекеттік, ағылшын, неміс тілдерін оқыту сабақтарына бағытталған “Wunderkind” баланы дамыту орталығы жұмыс істейді.