МЕЙІРІМДІ КҮН

Ағымдағы жылдың шуақты жазғы 3 маусым күні Көкшетау қаласының Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілдерін қарсы алды.

«Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің және облыстық ассамблеяның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері балаларға сыйлық есебінде жемістер, тәттіліктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының эмблемасы бар үлкен торт әкелді.

«Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің орталығы Умар Шоназаров Орталық тәрбиеленушілерін Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Бүгінгі күні Орталықта 3 пен 17 жас аралығында 17 бала тұрады. Әрқайсысының өмір жолы әрқилы. Қиыншылықтарға қарамастан, олар жақсы өмір туралы армандап, алдынан ғажап күтумен бала болап қала бермек.

Не қалайтындары туралы Умар Файзуддиновичтің сұрағына балалар өз жақындарын қатты сағынғандықтан, үйге қайтқысы келетіндерін айтты.

Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Шығармашылықтан бөлек, олар спортпен шұғылданып, спорт секцияларына барады екен.

Кездесу көңіл жайландыратын әңгімеге ұласып, үй және туған ауыл, спорттағы жетістіктер жайында болды. Балалар қуаныштан «Рахмет! Тағы да келіңіздер!» деп айтып, естелік суретке түсіп жатты.