Медициналық мекемелерге көмек

А. ж. 21 шілдесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы медициналық мекемелерге көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясын өткізу шеңберінде Көкшетау қалалық ауруханасы үшін су тазарту сүзгісін сатып алды.

Оны аурухананың әкімшілігіне «Санги Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы Ақмола филиалының директоры Шоназаров Умар тапсырды.