Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама: «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2003 жылғы 12 тамызда құрылды.
Төрағасы: Яндиев Герихан Ибрагимович. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: Бірлестік барлық қалалық және облыстық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады, Қазақстан этностарының этносаралық қатынастарын қалыптастыруға қатысады, өңірлердегі шешен-ингуш бірлестіктерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Ресурстық базасы: бірлестіктің «Қоғамдық келісім» КММ жанында кабинеті бар, белсенді жастар қанаты, «Таулар ырғағы» би ұжымы, 9 адамнан тұратын ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді.
Негізгі жобалары: бірлестік этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру бойынша белсенді қызмет жүргізуде, жастармен дәрістер, диалогтық алаңдар өткізілуде. Бірлестік өткізетін ең маңызды іс-шаралар: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Алғыс айту күні, есептік концерттер және т. б., сондай-ақ Ақмола ҚХА барлық іс-шараларына қатысу.
Жетістіктері: Көпқырлы қызметі үшін Г.И. Яндиев көптеген грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. 2005 жылы мемлекеттің конституциялық негіздерін дамыту мен қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы құрметіне орай «Қазақстан Конституциясына -10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Шапағат» медалімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы медальдарымен, ҚР Тұнғыш Президентінің алғыс хаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Байланыс ақпараты: 8-705-299-09-64,8-755-668-00-15, girey2008@mail.ru