«Блок питания» асханасының еңбек ұжымымен кездесу

Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ-і талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ә.Қ. Раев пен бас сарапшы С.Т. Өзбекова Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 16б мекенжайы бойынша «Блок питания» асханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.

«Бес нәрседен қашық бол!» атты ZOOM-конференция

Бүгін 12 тамыз «Салауатты сана» жобасының әдістемелік нұсқаулығын таныстыру және талқылау мақсатында «Бес нәрседен қашық бол!» атты ZOOM-конференция өтті. Аталған шараға Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Идрисова Райхан Екпендіқызы қатысты.
«Салауатты сана» жобасының мақсаты – ҚХА Аналар кеңесінің мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға деструктивті іс-әрекеттерге және қоғамның бес әлеуметтік кемшіліктеріне қарсы тұру және жою бойынша практикалық, сараптамалық, ақпараттық-түсіндіру және басқа да шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға көмек көрсету. Бұл жоба нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықпен күрестің алдын алуға бағытталған жұмыстарды қамтиды.

Игі істер марафоны

«Игі істер марафоны» жобасы аясында «Экология» апталығының өтуіне байланысты «Қоғамдық келісім» КММ-ң ұжымы Достық үйінің ауласында сенбілік өткізді.

«Игі істер марафоны»

«Игі істер марафоны» жобасы аясында «Экология» апталығының өтуіне байланысты «Қоғамдық келісім» КММ-ң ұжымы Достық үйінің ауласында сенбілік өткізді.

Халықаралық жастар күні

Құрметті достар, бүгін біз Халықаралық жастар күнін — шабыт, қуат және үлкен үміт күнін атап өтеміз! Сіздердің өміршеңдігіңіз бен өзгеруге деген ұмтылыстарыңыз әлемді жарқын және жақсырақ етеді.
Сіздер бәріміз үміт артатын болашақ, сонымен бірге көптеген оң өзгерістер әкелетін бүгініміз. Елдің одан әрі өркендеуі, тәуелсіздіктің нығаюы – бүгінгі ұрпақтың парызы.
«Ассамблея жастары» бірлестігі қоғамымыздың игілігі үшін ҚХА жобаларын іске асыруда. Әр күндерің жаңа жетістіктерге, батыл идеяларға және жарқын сәттерге толы болсын.
Сіздерге сарқылмас қуат, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс және армандарыңызды жүзеге асыруда батылдық тілейміз. Жолыңыздағы әрбір жаңа қадам сәтті болып, әр күн қуаныш пен бақытқа толсын!
Мереке құтты болсын, жастар!
Top