Абай Құнанбаевтың бюстінің салтанатты ашылуы

Қазақтың ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың бюстінің салтанатты ашылуы 2024 жылдың 21 тамызында Душанбедегі Әбілқасым Фирдавси атындағы мәдениет және демалыс саябағында өтті. Іс-шара Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндеріне орайластырылған.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейту ерекше маңызға ие. Ұлы гуманистке бюст орнату біздің халықтарымызды жақындастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Салтанатты ашылу рәсіміне бюстты орнатуға ат салысқан біздің жерлесіміз, Ақмола ҚХА мүшесі, “Санги-Кабуд” тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Омар Шоназаров қатысты.

«Үйде сөйле» жоба аясында викторина ұйымдастырылды

Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласы тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 21тамыз күні Сарыарқа ықшам ауданындағы тұрғын үй кешені ауласында «Үйде сөйле» жоба аясында викторина ұйымдастырды.
Жоба аясында тұрғындар және балалар арасында қазақ ұлтық музыкалық аспаптар, киіз үйдың жабдықтары, қазақша сұрақ- жауап викторинасы ұйымдастырылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

“Әкелер Одағы” ҚБ «Әкелер – отбасы тірегі» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырды.

Бүгін “Әкелер Одағы” ҚБ Достық үйінде «Әкелер – отбасы тірегі» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырды.
Заманауи отбасындағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі, балаларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеудегі әкелер орны жан-жақты талқыланған отырысқа Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин қатысып, аталған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді, онда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектеп рюкзактары мен кеңсе керек-жарақтары түрінде қолдау көрсетіледі.
Биыл да игі үрдіс жалғасын тапты. Алғашқылардың бірі болып «Манас» кырғыз этномәдени орталығы балалар үйінің оқушыларына жалпы сомасы 700 мың теңге болатын мектепке арналған киім, оқу құралдарын табыс етті.
Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері осындай қажетті қайырымдылық акциясын алдағы күндері жалғастырады.

«ЕЛДЕСУ ЖӘНЕ ТАТУЛАСУ»

5 тамызда Астана қаласында «ЕЛДЕСУ ЖӘНЕ ТАТУЛАСУ» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Этномедиация маңыздылығын бүгінгі күндегі маңызын айта отырып, Кеңеске қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Әзілханов Марат Алмасұлының құттықтады.
Сөз алғандар елімізде этномедиацияның перспективалары, жаңа бағыттары, этносаралық қақтығыстардың алдын алудың практикалық аспектілері, жанжалдан кейінгі реттеу шараларының тиімділігі туралы баяндады.
Біздің облыстан аталған шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Айгүл Нұрмағанова және бас сарапшы Айбек Қалықұлов қатысты.
Top