Республика күні

2024 жылдың 24 қазанында Достық үйінде Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында этномәдени бірлестіктер мен ҚХАА қоғамдық құрылымдар өкілдерімен кездесу өтті.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жетекшісі А.Алин төрағалық жасаған отырысқа ҚХАА қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Алмас Аянұлы Қазақстан халқының төл мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін жаңғырту мен дамытуды, ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздеген дәл осы күн егеменді еліміздің тарихының бастау нүктесі болатынын баяндады.
Отырыста сөз алғандар еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулық Отанымыздың алға қарыштап басуының кепілі екенін айтты.
Шара соңында Ассамблея мүшелері және белсенді азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Ерейментау ауданына іс-сапар

Бүгін а.ж. 22 қазанда этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Г. Сабирова Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Барлыбаев, қоғамдық пікір көшбасшысынан, халық хорының жетекшісінен тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы Үмбетей жырау Ярославцева, Ерейментау “ҚТЖ ҰК Павлодар магистральдық желі бөлімшесі” АҚ еңбек ұжымымен және Ерейментау қаласының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның Этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.

«Песня – душа народа» фестивалі өтті

Қаламызда 25 қазан – Республика күніне арналған жетінші республикалық «Песня – душа народа» фестивалі өтті.Қазақстанның әр өңірінен келген жарқын дарынды орындаушылардың басын қосатын бұл фестивальді Көкшетау жерінде өткізу жақсы дәстүрге айналды.
Фестиваль Ақмола Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кенжебаев Сабырхан Мейірханұлының құттықтауымен басталды. Аталған шараға Астана, Шымкент, Теміртау, Макинск, Щучинск қалаларынан және өзіміздің Көкшетаудан қатысқан өнерпаздар өнерлерін қазылар алқасы мен көрермендер назарына ұсынды.
«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған фестивальдің танымалдығы және қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді.

«Салаутты сана» жобасы мен  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

Бүгін ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина ҚХА «Салаутты сана» жобасы мен  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде студенттермен нашақорлық, құмар ойындар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық қоғамынан бас тарту бойынша Көкшетау Университетінің тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге «Салауатты сана» жобасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, «Тарих, география және ӘГП» кафедрасының оқытушысы Ғалымтай Төлепбергенов, Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ, ақпараттық насихат бөлімінің басшысы Нұржан Мұратов, теолог маман Бахтияр Смадьяров қатысты.
Кездесу барысында студенттерге қоғамдағы әдеуметтік келеңсіздіктерге: нашақорлық, құмар ойындар, отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдыққа қарсы тұруға, этникалық, діни, әлеуметтік қатыстылығына қарамастан оларды деструктивті мінез-құлық үлгілерінен және аталған әлеуметтік кеселдердің алдын-алу, қоғамға бұл әрекеттердің себеп-салдары мен келтіретін зиянын түсіндіру, бұл қоғамдық дерттерге қарсы тұрудың жолдарын көрсету, оған қарсы тұру жолдары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дәрістер оқылды.

«Шын жүректен тағзым және сүйіспеншілікпен»

Қарттар күні – мейірімділік пен жылулыққа толы айтулы мереке. Бұл күндері біздің аға буынға деген қамқорлық пен құрмет ерекше сезіледі.
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» бірлестігінің Ақмола филиалының ұйымдастыруымен қарттар күніне арналған «Шын жүректен тағзым және сүйіспеншілікпен» концерті өтті.
Мерекелік кешті Құрманғазының «Адай» күйін шебер орындаған Роман Борисовский ашты, мерекені Зоя Авилованың жетекшілігімен «Русская песня» халық ансамблі жалғастырды. «Йолдыз» татар би ансамблі, көркемдік жетекшісі Лилия Жакишева көрермендерді мың бұралған билерімен қуантты.
Сондай-ақ, бұл күні біздің әртістеріміз Сәбит Шағатов, Любовь Черкашина, Татьяна Кулыгина және т. б. орындаған әр тілдегі әндер шырқалды.
Бұл кеш ризашылық білдірген көрермендерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлағаны сөзсіз.
Top