Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы

Ғылыми-сараптық топ туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ (бұдан әрі – ҒСТ) тұрақты әрекет ететін кеңесші-аналитикалық орган болып табылады.

1.2. Ғылыми-сараптық топ өзінің қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері, сондай-ақ аталмыш Ережені басшылыққа алады.

  1. Ғылыми-сараптық топтың міндеттері

2.1. Ғылыми-сараптық топтың негізгі міндеттері:

1) демократияның дамуындағы, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтудағы саяси және азаматтық институт ретіндегі жалпы ұлттық келісімге қол жеткізудегі Ақмола ассамблеясының рөлін күшейтуге  жәрдемдесу;

2) облыстағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін кешенді сараптамалық бағалау, өңірде осы үдерістердің дамуын болжау;

3) этносаясаттың маңызды бағыты бойынша Ақмола ассамблеясының қызметін сараптамалық сүйелмелдеу.

  1. Ғылыми-сараптық топтың функциялары

3.1. Аталмыш ережемен анықталған маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін Ғылыми-сараптық топ келесі қызмет атқарады:

1) Ақмола ассамблеясын облыста болып жатқан ғылыми-сараптамалық бағалаудан тұратын ақпарат және материалдармен, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық саяс атты дамытудың негізгі бағыттары бойынша ақпарат және материалдармен қамтамасыз етеді;

2) әзірлеу кезінде Ақмола ассамблеясы құзыретіне жататын мәселер бойынша облыстық ұзақ мерзімді және орта мерзімді мемлекеттік бағдарламалар және басқа да нормативтік құқықтық актілерге талдау және сараптамалық бағалауды жүзеге асырады;

3) Ақмола ассамблеясының ғылыми жұртшылықпен байланысын нығайтуға, оның қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ғылыми басылымдарда жариялауға жәрдем көрсетеді.

  1. Ғылыми-сараптық топтың құрамы мен құрылымы

4.1. Ғылыми-сараптық топ төрағадан, орынбасардан, хатшыдан және Ғылыми-сараптық топтың мүшелерінен тұрады.

4.2. Ғылыми-сараптамалық кеңес төрағасы, орынбасары, хатшысы және мүшелерінің міндеттерін атқаруы қоғамдық бастамамен жүзеге асырылады.

4.3. Ғылыми-сараптық топтың құрамына келісім бойынша облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді.

ҒСТ құрамына үміткерлер ҒСТ мүшелерімен кіргізіледі және Отырыстарда ашық дауыс берумен сайланады.

4.4. ҒСТ артылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру мақсаттарында секциялар құрылып, олардың қызметтерінің негізгі бағыттары анықталады. ҒСТ төрағасы секциялар қызметінің бейіні бойынша, олардың саны мен басшыларының үміткерлігі бойынша ұсыныстар енгізеді.

  1. Ғылыми-сараптық топ қызметін ұйымдастыру

5.1. Ғылыми-сараптық топт облыс әкімімен, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасымен құраылып, қайта ұйымдастырылып, таратыла алады.

5.2. Аталмыщ Ереже облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасымен бекітіледі.

5.3. Ғылыми-сараптық топтың шешімі ұсыныс сипатында қабылданады.

5.4. Ғылыми-сараптық топтың отырыстары қажет болған жағдайда (жылына 2 реттен кем емес) өткізіледі.

5.5. Шешім Ғылыми-сараптық топ мүшелерінің дауысқа салуымен қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Ғылыми-сараптық топ төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

5.6. Ғылыми-сараптық топтың төрағасы:

1) Ғылыми-сараптық топтың қызметіне жалпы басшылық жасайды және  үйлестіреді, топтың отырысына төрағалық етеді;

2) Ғылыми-сараптық топ қызметінің негізгі бағыттарын анықтап, оның жұмысын ұйымдастырады;

3) ҒСТ қызметін жоспарлап, отырыстар өткізеді, ұйымдастырылған конференция, пікірсайыс және де басқа іс-шаралар жұмысын басқарады;

4) орталық және өңірлік мемлекеттік билік органдарымен, ұйымдар және лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен Ғылыми-сараптық топтың құзыреті мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.

5.7. Ғылыми-сараптық топ хатшысы:

1) Ғылыми-сараптық топтың жұмысын ұйымдастырушылықпен қамтамасыз етеді, оның хаттамаларын ресімдейді, топтың отырысында жұмыс материалдарын дайындайды, топтың жұмыс жоспарын жүзеге асыруды бақылауды қамтамасыз етеді;

2) Ғылыми-сараптық топтың мүшелеріне жиналыстың өтуі туралы хабарлайды, оның жұмысына қажетті материалдарды сұратады.

5.8. Ғылыми-сараптық топ мүшесі құқылы:

1) Ғылыми-сараптық топ қызметіне белсенді қатысу;

2) ұлтаралық қатынастар, ұлттық бірлік және қоғамдық келісім мәселелерін талқыға салуға;

3) сараптық жұмысқа қатысуға, ғылыми зерттеулер бойынша қорытындылар мен ұсыныстар дайындауға;

4) ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін дамыту бойынша ақпараттық жұмысқа белсенді қатысуға;

5) белгіленген тәртіпте қызмет мәселері бойынша ассамблеяның мәліметтер банкін пайдалану;

6) Ғылыми-сараптық топ қызметінің дамуына жәрдемдесуге.

5.9. Ғылыми-сараптық топтың жұмыс органы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Хатшылығы болып табылады. Ақмола ассамблеясы Хатшылығы аналитикалық және сарапшылық жұмыстар үшін, әлеуметтік сұрастыру мен зерттеулер өткізу үшін шеткі ұйымдардың мамандарын, сарапшыларын, ғалымдарын, саясаткерлерін, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларын, БАҚ қызметкерлерін, сонымен қатар Ғылыми-сараптық топтың мүшелері болып табылмайтын т.б адамдарды келісім негізінде тарта алады.

5.10. Ғылыми-сараптық топ төрағасының тапсырмасы бойынша оның мүшелері іссапарларға осы мақсаттарға қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен және ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жіберіле алады.

5.11. ҒСТ қызметі туралы есеп ағымдық күнтізбелік жылдың соңында жылына 1 рет ұсынылады.