Болашақ алдындағы жауапкершілік

А. ж. 29 сәуірінде Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың 2019 жылғы 9 маусым күнгі ҚР Президенті сайлауына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға этносаясат мәселелері бойынша сарапшылар, Көкшетау қаласының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

«Біздің еліміз бүгін өзінің жаңа тарихының тағы бір бетін аша отырып, маңызды тарихи оқиғалардың табалдырығында тұр. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы әрбір жаңа сайлау науқаны халықтың бірлігіне ықпал еткенін, азаматтық ұстанымындағы қазақстандық бірегейлікті нығайтуға ынталандырғанын көрсетті. Бізге тұрақтылық, қоғамның әл-ауқаты мен өркендеуі, ертеңгі күнге деген сенімділік қажет, сондықтан қол жеткенді сақтап қалу және көбейту тек Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығы, жүргізіліп жатқан теңгерімді ішкі және сыртқы саясатты жалғастыру жағдайында ғана мүмкін болады. Бүгін, болашақ алдындағы жауапкершілігімізді сезіне отырып, азаматтық және патриоттық парызымызды орындай отырып, біз ғылыми-сараптамалық топтың, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері ҚР Президенті сайлауына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы «Nur Otan» партиясы съезінің шешімін қолдаймыз. Бұл өте орынды және заңды шешім», – деп мәлімдеді отырысқа қатысушылар.