Бала асырап алған Джумабековтар отбасы

Құралай Жұмабекова көпбалалы отбасында өскен. Қазір ол өзі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы  ана. Олардың алтауы-өз балалары, бесеуі-асырап алынғандар. Төрт жыл бұрын ол марқұм күйеуі Рашидпен бірге Сандықтау балалар үйінен ағалы-әпкелі Татьяна мен Андрей Торковкиндер, Альбина мен Максим Паскаль және Виктория есімді қыз баланы  тәрбиелеуге алды. Бүгінде өз балалары өсті, екі ұлы Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді, өз отбасылары бар. Асырап алған балалары да өсіп жетілді, қызы Татьяна тұрмысқа шықты, тағы екеуі оқып, жұмыс істейді, анасына қаржылай көмектеседі.

Құралай Ғабдулғамарқызы өзін бақытты ана санайды. Өзінің және асырап алған балаларын тәрбиелеген көп балалы ана Қазақстандағы әрбір жетім бала толыққанды отбасында өмір сүруге тиіс, ал балалар үйлерін жабу керек екеніне сенімді.

Қазіргі уақытта Құралай Көкшетау Аналар үйінің үйлестірушісі болып жұмыс істейді. Өз қызметінің сипатына қарай қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге көмектеседі. «Ана үйі» бала асырап алуды қолдау орталығында жұмыс істей отырып, ол бұлжымас бір ақиқатты түсінді -отбасынан оқшауланған, ата-ананың мейірімі мен сүйіспеншілігінен айырылған, отбасылық өмір дағдылары жоқ балалар ересек өмірге дұрыс бейімделе алмайды.

Құралай көп балалы ана ғана емес, ол сонымен қатар іскер адам. Биыл ол өзінің «Юма» отбасылық орталығын ашты. Онда сұлулық салоны, бастауыш сынып оқушыларына арналған ұзартылған топ, балаларға арналған ойын-сауық орталығы бар. Орталықта психолог, шаштараз қызметі көрсетіледі. Жобаны жүзеге асыруға ересек балалар көмектеседі. Айтпақшы, көп балалы отбасылардың балалары «Юмада» тегін түрде шаштараз көмегін ала алады. Жұмабековтар отбасында еңбекке деген махаббат бала кезден тәрбиеленеді. Мұнда картоп, көкөністер базардан сатып алынбайды,  өз бақшасында өсіріледі. Жақын арада өз жылыжайларын  салуды да жоспарлап отыр.

Иә, асырап алушы ата-ананың еңбегі – ауыр, ол тек қана шыдамдылықты емес, психология, педагогика салаларындағы терең  білімді де қажет етеді. Құралай Ғабдулғамарқызы елімізде балаларға қамқорлық пен махаббат сыйлайтын отбасылар саны қаншалықты көп болса, жетімдер де соншалықты аз болатынына сенімді.