Алғыс білдірудің шегі жоқ

А.ж. 10 наурыз күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің неміс тілі сыныбы Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған ашық сабақ өткізді.

Іс-шараға мектеп оқушылары мен педагогтар шақырылды, олар мерекенің қонағы болып, сонымен қатар оған белсене қатысты.

Неміс тілінің оқытушысы Айнагүл Игибаева Алғыс күнінің шығу тарихы туралы айтып берді. Балалар еліміздің Президентіне бейбіт аспан мен бақытты балалық шағы үшін, ата – аналарына – өмір сыйлағандарына, достарына -олардың жүрегінің жылуы үшін алғыс айтты. Бұл күні көптеген алғыс сөздер айтылды.

Іс-шара өте мазмұнды болды, әр түрлі этностардың тілдерінде әндер мен өлеңдер оқылды, оқушылар мен педагогтар сыпайы сөздер мен үндеулерді білудің өзіндік марафонына қатысты, барлығы гитаристтердің вокалдық триосына қуана қосылып ән салды, ал жетіген музыкалық аспабындағы әуен ұмытылмас әсер сыйлады.

Соңында «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің  педагогтары мен оқушылары баршаларын Алғыс күнімен құттықтап, мемлекетіміз бен бүкіл Қазақстан халқына ризашылықтарын білдірді.