ЕРЕЖЕ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы

Аналар кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер.

1.1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) этномәдени бірлестіктердің белсенділері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық құрылымдардың өкілдерінен құрылған – әйелдерді ерікті негізде біріктіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

1.2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдары, «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі», өзге де нормативті-құқықтық актілер, сонымен қатар осы Ереже құрайды.

1.3. Кеңес қоғамдықпен, этномәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен және білім беру  орындарымен, Ақмола ассамблеясының мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру сұрақтары бойынша барлық құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиямен және өңірдегі басқа да ұқсас ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

1.4. Кеңес өз қызметін облыстың барлық аумағында жүзеге асырады, Аналар кеңесі отырысын бір тоқсанда бір рет өткізеді.

2.Аналар кеңесінің мақсаты.

2.1. Кеңес қызметінің негізгі мақсатына жатады:

– өңірдегі этносаралық келісімді қамтамасыз ету;

– Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірлігін қалыптастыру, толеранттылыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

– отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке және отбасы институтын нығайту ісіне үлес қосу.

  1. Кеңестің негізгі міндеттері.

Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:

3.1. Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасының мәртебесін көтеру және балаларды тәрбиелеудегі үздік тәжірибені, отбасылық тәрбиенің этномәдени дәстүрлерін тарату;

3.2. Отбасы мәртебесін көтеру және отбасылық өмірдің беделін арттыру;

3.3. Этносаралық келісімді, толеранттық қатынастарды дамыту, достықты нығайту, қазақстандық патриотизмді нығайту, ұрпақтардың сабақтастығы, ұлттық, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;

3.4. Жас отбасыларды әр түрлі шығармашылық белсенділікке тарту және шығармашылық әлеуеттерін ашу;

3.5. Ата-аналардың өз ұрпақтарының  физикалық және рухани-адамгершілік денсаулығын нығайтуға тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілігін арттыру;

3.6. Отбасылық тұрмыс жағдайын жақсартуды және ата-ана табыстарын дамытуды насихаттау;

3.7. Көп балалы отбасылар туралы қоғамдық сананы өзгерту, олардың әлеуметтік проблемаларын шешуде жалғызбасты және көп балалы аналарға кеңес беру арқылы көмектесу;

3.8. Жастар арасында антисоциальдық мінез-құлықты болдырмау; аға ұрпаққа мейірімділік пен рухани сезімталдық тұрғысында қарауға тәрбиелеу;

3.9. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, этносаралық келісімді, бірлікті және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған  отбасылық, мәдени-сауықтыру және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу;

3.10. Кеңесте оның құзыретіне қатысты шағымдарды қарауға.

  1. Кеңестің құқығы.

Мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін Кеңес құқылы:

4.1. Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық ассамблеяға ұсыныстар енгізуге;

4.2. Өз құзіретінің шегінде Кеңес қызметіне қажетті құжаттар мен материалдарға сұраныс жасауға және алуға;

4.3. Мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен және кәсіподақтармен және басқа да ұйымдармен өз құзіреті шегінде өзара іс-қимыл жасауға;

4.4. Өңірдегі  ұлтаралық қатынастарды және толерантты тәрбие беруді нығайту бойынша ұсыныстарды талқылауға және бағдарламалар  жасау ісіне қатысуға.