Басты бетЖаңалықтарМедиация кеңесінің отырысы өтті

Медиация кеңесінің отырысы өтті

2026 жылғы 28 қаңтарда Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы (ҚХАА) хатшылығының меңгерушісі С. Кенжебаевтың төрағалығымен «Қоғамдық келісім» КММ-де Медиация кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара барысында 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланып, 2025 жылдың қорытындылары қаралды. Кеңес мүшелері медиация институтын дамыту, қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелеуге басымдық берді.

Кеңес мүшелері алдағы кезеңге арналған басты бағыттарды айқындап, бірқатар маңызды ұсыныстарды қабылдады. Отырыста кеңес төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ медиаторлар қатысты.

Медиация кеңесінің жұмысы өңірдегі келісім мен бірлікті күшейтуге, тұрғындар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала