2026 жылғы 2 ақпан аралығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында Г.М. Ешанова мен медиаторлар ұйымының – «ADR-MEDIATION» ҚБ басшысы А.Б.Пак бірлесіп «Болашақ медиаторы: әралуандық дәуіріндегі келісім» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты –
— заманауи этносаралық дауларды реттеу әдістемелерінің мәнін түсіндіру,
— тиімді профилактикалық шараларды қолдану тетіктерін таныстыру,
— түрлі идеологиялар, доктриналар мен жобалар тоғысқан әралуандық дәуірінде қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету механизмдерін талқылау болды.
Семинар тыңдаушылары – Сәтбаев қаласындағы Достық үйінің қызметкерлері курс бағдарламасын толық меңгеріп, оқуды аяқтағаны жөнінде сертификаттармен марапатталды.
— Мұндай оқыту форматтары қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға, кәсіби медиаторлар әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.


