Басты бетАналар кеңесіЖаңа Конституция аясындағы әлеуметтік құқықтар талқыланды

Жаңа Конституция аясындағы әлеуметтік құқықтар талқыланды

2026 жылғы 16 ақпанда Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында Ақмола облысы Аналар кеңесінің бастамасымен «Жаңа Конституция аясында әлеуметтік құқықтар және осал топтарды қорғау» тақырыбымен диалог алаңы өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Айнұр Жахина мен кеңес мүшелері қатысқан кездесуде жаңа Конституция аясындағы әлеуметтік құқықтар, халықтың осал топтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Сарапшылар мен қоғам өкілдері пікір алмасып, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту жолдарын ортаға салды.

Мұндай ашық диалог алаңдары қоғамдық келісімді нығайтып, өзекті әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала