Басты бетЕңбек ассамблеясыКөкшетауда Конституция жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

Көкшетауда Конституция жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

Көкшетау қаласындағы «Kazrost Engineering Ltd» жеке компаниясында еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасында айқындалған әділетті мемлекеттік басқару қағидаттарын, заң үстемдігін нығайтуға бағытталған бастамаларды және «Әділетті Қазақстан» құндылық бағдарларын еңбек ұжымына кеңінен түсіндіру болды. Сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылықтың басты факторы саналатын этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады.

Жиында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов Конституциялық реформалардың ел дамуы үшін маңызына тоқталып, заң мен тәртіп қағидатының қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты нығайтудағы рөлін атап өтті. Ал Ақмола облыстық филиалы «Байтақ» партиясының төрағасы Баяжұма Асылбек қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың өзектілігін сөз етті. Медиация кеңесінің мүшесі, «Ақмола облыстық шешен-ингуш «Вайнах» қоғамының» төрағасы Герихан Яндиев этносаралық татулықты сақтау – ел бірлігінің басты кепілі екенін жеткізді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 9 желтоқсанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында аталған кәсіпорында Еңбеккерлер ассамблеясы ашылған болатын. Мұндай бастамалар өндірістік ұжымдарда өзара сыйластықты арттырып, этносаралық келісімді нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға оң ықпал етуде.

Жиын барысында қатысушылар пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Мұндай кездесулер қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, заң үстемдігін насихаттауға және азаматтардың ел дамуына белсенді қатысуына серпін беретіні атап өтілді.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала