28 қаңтар күні Көкшетау қаласындағы Достық үйінде жастарға арналған жаңа креативті алаң JasStarTalks жобасы ресми түрде өз жұмысын бастады. Бұл кеш шабытқа, жаңа идеяларға және пайдалы таныстықтарға толы болды.
Іс-шара барысында түрлі салада жетістікке жеткен спикерлер өз өмірлік тәжірибелерімен, қиындықтарды қалай еңсергендерімен және табысқа жету жолдарымен бөлісті. Қатысушылар еркін форматта сұрақ қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.
JasStarTalks бұл өзіңді дамытуға, ойыңды еркін жеткізуге және жаңа мүмкіндіктерге қадам жасауға арналған алаң. Ашылу кеші көптеген жастар үшін жаңа бастамалардың нүктесіне айналды. Бізбен бірге болған барша қатысушыларға алғыс айтамыз!



