Басты бетЖаңалықтарҚХА алаңында Жаңа Конституция жобасы талқыланды

ҚХА алаңында Жаңа Конституция жобасы талқыланды

ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар активінің қатысуымен онлайн форматта кеңес отырысы өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасы талқыланды. Ұсынылып отырған өзгерістердің қоғам үшін маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова, «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы, этномәдени бірлестіктер мен Журналистер клубының өкілдері қатысты.

Талқылау ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала