Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және еңбек ұжымдарының әлеуетін дамыту мақсатында республика көлемінде Еңбеккерлер Ассамблеясы құрылуда.
Осы бастама аясында 2026 жылғы 3 ақпанда Ақмола облысындағы «Гормолзавод» кәсіпорны базасында Еңбеккерлер Ассамблеясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев бастамасымен ұйымдастырылып, оған кәсіпорынның еңбек ұжымы қатысты.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов пен «Гормолзавод» ЖШС директоры Ерсайын Жақсылықов арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат еңбек адамының мәртебесін арттыруға, ұжымдық бастамаларды қолдауға және сындарлы еңбек қатынастарын нығайтуға бағытталған.
Еңбеккерлер Ассамблеясы еңбек ұжымы үшін ортақ құндылықтарды қалыптастырып, тұрақты даму мен әлеуметтік келісімді қамтамасыз ететін маңызды қоғамдық алаң болмақ.



