2026 жылғы 11 наурызда Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстан» атты қазақстандық республикалық этномәдени бірлестіктердің жалпы жиналысы өтті.
Онлайн форматта өткен іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, республикалық этномәдени ұйымдар, жастар бірлестіктері және медиа өкілдері қатысты. Қатысушылдардың қатарында Ақмола облысынан ҚХАА этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ақсақалдар кеңесінің және Аналар кеңесінің мүшелері болды. Олардың арасында Ардагерлер-Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Бекенұлы Нұғыман сөз сөйлеп, өз пікірін жеткізді.
Жиналыста этносаралық ынтымақтастықты күшейту, жастар мен медиа ұйымдарының рөлін арттыру, Қазақстанның әділ әрі прогрессивті дамуы мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында қорытынды жасалып, болашақтағы ынтымақтастық бағыттары мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланды.


